Түркістан теміржолында тіршілік қайнап жатыр

Станция тынысы
15.04.2022, 08:34
Оқуға 1 мин
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Төрт жыл бұрын облыс орталығына айналған Түркістанда бүгінде қарбалас тірлік. 2 парктен тұратын, 16 жолы бар 1 класты телімдік станция Қызылорда – Шымкент бөлімшелері арасындағы шекаралық бекет рөлін де атқарып тұр.

Түркістан – Қызылорда және Түркістан – Арыс бағытында телімдік немесе құрама пойыздар құрастырылатын станцияда жүзден астам теміржолшы еңбек етеді. Мекемеде барлық еңбек қорғау ережелері мен заңдылықтары қатаң қадағаланып, нормативтік талаптардың сақталуына бақылау жасалады. Жұмыс барысында қолданылатын құрал-саймандардың жарамдылығы, жеке қорғаныс құралдарының пайдаланылуы, арнайы киім-кешекпен қамтылуы, зиянды өндірістегі теміржолшыларға сүт өнімдерінің берілуі, ауысымалды медициналық тексеру үнемі бақылауда.

Түркістан станциясын көп жылдан бері тәжірибелі теміржолшы Қадыр Сырлыбеков басқарып келеді. Биылғы жылдың алғашқы үш айында станциядан 214 вагон жүк артылып, 2109 вагон жүк түсірілген. Жалпы вагонайналымы 2323 вагонды құраған. Осы үш айда Павлодарға 60-тан астам вагон қара металл сынықтары жөнелтілген, Қызылордаға оншақты вагон қиыршық тас, ал Ақтау портына екі вагон кебек жіберілген. Бұдан бөлек, Петропавлға күнбағыс майы, шитті мақта, Қарағандыға маргарин майы, Шымкентке ағаш материалдары, Кентаудан трансформатор зауытының жүктері артылған. 37 вагон «Қазтеміртранс» АҚ меншігіне тиесілі, қалғаны жекеменшік және жалға алынған вагондар.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды