Әйтеке би станциясының тыныс-тіршілігі

Станция тынысы
02.12.2022, 10:20
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Ғасыр құрылысы» атанған «Хромтау – Алтынсарин» магистралі бойында пайда болған Әйтеке би станциясына жолымыз түсті.

Қазақстан темір жолы компаниясының тасымал қызметіне «Әйтеке би станциясы» атауымен енген бекет – 2004 жылы пайдалануға берілген Хромтау – Алтынсарин теміржолының бойындағы 7 станцияның бірі. Елдің шығысын батыспен байланыстырып, орталық аймақтарды оңтүстікке жалғаған теміржол бұл өлкеге алғаш тартылған. Шойынжолдың салынуы жергілікті халықтың тұрмысы мен әл-ауқатының өсуіне үлкен әсер еткенін әйтекебиліктер жарыса айтады. Оған дейін жұмыссыздықпен күрескен ауыл тұрғындары жаппай теміржолшы кәсібін меңгеруді бастады. Бүгінде екінің бірі темір жол мекемелерінде жұмыс істеп, отбасын асырап отыр. Станция мен жолаушыларға қызмет көрсету мекемелері, тиісті темір жол инфрақұрылымдары жұмыс істеп тұр.  

Станциядағы 5 жолдың бірінші, екінші жолында жолаушылар пойызы қабылданады. Әйтеке би вокзалында тек нәзік жандардан құралған шағын ұжым келген-кеткен жолаушыларға қызмет көрсетеді. Әйтеке би вокзалына жолаушы халық айналадағы елдімекендерден де келіп пойызға отырады. Теміржол қатынасы жоқ Ырғыз ауданы, Қарабұтақ ауылдарынан келетін жолаушылар көп. Теміржол қызметін тұтынушылардың дені Қостанай, Астана бағытына қатынайды. Астана, Қарағанды, Алматы бағытына шығатын жолаушылар да аз емес. «Алматы – Орал» тальго жүрдек пойызы да Әйтеке би вокзалынан күнде өтеді. Бұл пойыз да өлкедегі жолаушылар тасымалын дамытуға айтарлықтай ықпал етуде. Осындай жолаушы ағынына қызмет көрсетіп отырған вокзалдың ұйымшыл ұжымында өз кәсібіне ысылған жандар еңбек етеді.  

«Жолаушылардың билеттерін реттеп, пойызға мініп-түсуін қадағалаймыз. Үлкен кісілерге электронды билет алуға көмектесіп, кері тапсыратындары болса қабылдап, қолдан келгенше қызметімізді көрсетеміз. Келген-кеткен пойыздар туралы үздіксіз ақпарат беріледі», – дейді аға вокзал кезекшісі Замард Айдаубаева.  

Бізді «Әйтеке биге қош келдіңіз!» деп қарсы алған аға вокзал кезекшісінің қасында төрт вокзал кезекшісі бар. Вокзалдан төрт жұп пойыз өтеді. Олар – «Семей – Маңғыстау», «Атырау – Астана», «Алматы – Орал», «Астана – Орал» бағытындағы пойыздар.  

Вокзалда билет алуды электронды түрде ұйымдастыру жолға қойылған. Сондықтан тиімсіздігін ескеріп, 2 жылдан бері билет кассаларын алып тастаған. Анықтама бұрышы жұмыс істеп тұр.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды