Бурыл станциясының бүгінгі тынысы

Станция тынысы
19.09.2024, 13:03
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Аумағы шағын болғанымен, Бурыл станциясы Тараз қаласындағы стратегиялық объектілердің бірі саналады. Себебі шаһардағы азық-түлік және құрылыс заттарының тауар айналымы осы станция арқылы жалғасып жатыр. Көтерме сауда нүктесінен тиелген тауарлар алдымен осы жерде қабылданып, тиісті жерге жеткізіледі.

Бурыл – 2-санаттағы жүк вагондарын сұрыптау станциясы. Жүк өңдеу станциясына кіретін 4 тақ және жұп жолдары бар. Станция аумағындағы жолдың ұзындығы 1,5 шақырымды құрайды. Дегенмен, 48 кірме жолы бар станция жұмысын 2 мыңнан аса адам, шағын және орта бизнес өкілдері пайдаланатынын ескерсек, жұмысы толас таппайды.  

– Станцияның негізгі классификациясы жүк вагондарын сұрыптау. Ал теміржолшы ретінде басты міндетіміз – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Облыс орталығына келетін бүкіл тауар, азық-түлік, ауылшаруашылық өнімдері, құрылыс заттары, т.т. осы Бурылға келіп, осында сұрыпталып таратылады. Яғни бәрі Бурылдан басталады. Біз жан-жақтан вагондармен келген жүктерді қабылдап алып, өңдеп кірме жолдарға уақытында жөнелтіп отырамыз. Негізгі міндет – тауар толы вагондарды жүк қабылдаушыларға уақытында тапсыру. Мысалы азық-түлік тауарларын, құрылыс материалдарын Тараз қаласындағы «Ауыл береке» базарына жеткізіп береміз, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл ЖТ бөлімшесі Бурыл станциясының бастығы Нұрлан Сәкенұлы.

Бүгінде Бурыл станциясында 28 теміржолшы еңбек етеді. Олар – жүк қабылдап-тапсырушылар, пойыз құрастырушылар, станция кезекшілері, құжаттарды өңдеу операторлары, т.б.  Әрине, әрқайсысының атқарар қызметі бөлек болғанмен, өзара байланысты, илегендері бір терінің пұшпағы. Айталық, жүк қабылдап-тапсырушы келген жүкті қабылдап, түсірген соң вагонды қарайды, жүк тиеген кезде тиелген жүкті құжат бойынша сәйкестігін қадағалайды. Ал пойыз құрастырушы жүк пойызындағы станцияға тиесілі вагондарды ағытып алып, қалған Тараз, Шайқорық станцияларына кететін пойыздарды вагондарда жүріп, ағытып, қайта жалғап құрастырады, кірме жолдағы вагондарға жөнелтеді. Ағытылған вагондар алға қарай жылжып кетпеуі үшін табан тірегіштерін қояды.    

Осы жұмыстардың бәрін үйлестіруші – станция кезекшісі. Оны теміржолшылар өз тілдерінде ауысымның командирі деп атайды. Олар вагон құрастырушыға қай вагонды ағытып-бекіту керегін айтып, тапсырма береді. Қай жолға ауыстырып, тоқтату керегін нұсқап отырады. Жүк қабылдап-тапсырушыға вагондарды қарауды ескертеді, т.т.

– Міне, ауысымдағы пойыздар қозғалысын арнайы табло арқылы бақылап-қадағалап отырмыз. Мұнда станция жолдары көрініп тұр. Қызыл жолақтағылар «вагондар тұр» дегенді, ал түссізі «бос жолдар» дегенді білдіреді. Жүк қабылданып, түсіріліп немесе тиеліп қайта сұрыпталған соң құжаттарды өңдеу операторы іске кіріседі. Ол станцияға келген вагондардың құжатын күтіп алып, толтырады. Келген пойызды «А» нүктесінен «Б» нүктесіне дейінгі жөнелту уақытын белгілейді, – деп тәптіштей түсіндірді пультта отырған  станция кезекшісі Нұрлан Рүстемов.

Бурыл станциясында жүк айналымы маусымға қарай артып немесе кеміп отырады екен. Көктем-жаз айларында тәулігінде 22-25 вагон қабылдаса, қыста 18-20 вагон келеді. Өткен тамыз айында станция 816 вагон қабылдап-жөнелткен. Жалпы жұмыс паркі 171 вагонды құраған. Келген жүкті түсіріп, тиеп жөнелтуге 34 сағат белгіленсе, станция қызметкерлері бұл міндетті 33,98 сағатта орындап отырыпты.

Станцияға тәулігіне 7 вагон тиеу жоспары белгіленген. Бұл межені теміржолшылар 7,19 пайыздық көрсеткішпен орындаған. Тәулігіне 27 вагон түсіру керек болса, оның көрсеткіші 103,75 пайызға жеткен. Бүгінге дейін станция қызметкерлерінің кінәсінен жүк жөнелту уақыты кешіккен емес.

– Жұмысшылардың  өмірі және денсаулығы – басты назарда. Күн сайын таңертең 8.45-те, кешкі 20.45-те жүк тиеу және жөнелту жұмыстары бойынша еңбеккерлерге нұсқаулық беріледі. Станцияға жаңадан келген әрбір жас маман міндетті түрде еңбек қауіпсіздігі бойынша практикалық сабақ алады. Теориялық білімін тәжірибе жүзінде нұсқаулықтарға сай орындап үйренеді. Ал жалпы станцияда барлық қызметкерлер үшін аптасына екі күннен 4 рет техникалық оқулар өтіп тұрады. Өткен сабақтарға қарай, сынақ тапсырылып, жас мамандарға арнайы куәлік тапсырылады. Бұл жұмыстарды үйлестіріп отыратын арнайы маман бар. Басшылар да оқу курсынан өтеді. Оларға сертификат алған соң, осындай дәрістерді өткізуге құқық беріледі. Қай өңірде өндіріс жағдайында келеңсіздік орын алса, сол бойынша талдау жасалып, басқа облыстарға жіберіліп отырады. Біз оны өз қызметкерлерімізге таныстырамыз. Бірге отырып талқылаймыз. Кімнің кінәсінен болғанын саралаймыз, сондай кездерде алдын алу үшін не істеуге болатынын айтып түсіндіреміз. Осы талқылауға қатысты нұсқаулық жасалады, оған әрбір теміржолшы танысып шыққанын растап, қол қояды. Бұл бізге сол қателіктерден сабақ алуымыз үшін керек, – дейді станция бастығы.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты