Ақтоғай – теміржол тарландарының мекені

Станция тынысы
19.06.2025, 10:48
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей және Алматы ЖТ бөлімшелерінің шекарасында орын тепкен, төрт бағытқа қызмет көрсететін Ақтоғай станциясы – жүк тасымалындағы әлеуеті зор, білікті мамандар қызмет атқаратын іргелі мекен.  

Ақтоғай кентінің іргесі 1929 жылы Түрксіб құрылысы кезінде қаланып, кейіннен Қытай халық Республикасымен экономикалық байланыстарды күшейтуге байланысты үлкен әлеуетке ие болған еді. Станциядағы теміржол саласы ардагерлерінің айтуынша, 1960 жылдардың басында ұзындығы 310 шақырымды құрайтын Ақтоғай-Достық телімі салына бастағанымен саяси жағдайларға байланысты тоқтап қалып, тек 1990 жылы толық аяқталған. Ақтоғай осылайша шығыстағы негізгі теміржол торабына айналды.  

1985 жылы Ақтоғай локомотив пайдалану депосының техникалық бақылау цехы ашылып, қырықтан аса білікті слесарьлар мен шеберлер жұмыла кірісіп, ең алғашқы 2 Т Э10Л-465 тепловозын дайындықтан өткізіп жолға шығарды.

Дәл осы жылдан бастап жүк және жолаушылар тасымалы процесі күрт арта бастады. Бүгінде ҚХР-мен арадағы сауда байланысын нығайтуда елеулі орны бар станция еліміздің  экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Сол себептен де, екінші темір жол төсемі салынып, биыл пайдалануға берілмек.  

«Бүгінде Ақтоғайдағы жүк тасымалдау жоспары бес есе өсіп отыр. Өндірістегі өсім жоғары. Мұның барлығы әлбетте кешегі ардагерлер мен бүгінгі білікті мамандардың қажырлы еңбегінің арқасы. Осы орайда Ақтоғай-Саяқ теміржолының пайдалануға берілгеніне биыл 40 жыл болса, Ақтоғай-Достық-Алашанкоу теміржолының қолданыла бастағанына 30 жыл толып отырғанын айта кеткен жөн. Осынау жылдар Ақтоғай теміржолшыларының қажырлы еңбегін, шүмектеп төккен терін айғақтайды», - дейді ақтоғайлық ардагер теміржолы, Аягөз ауданының Құрметті азаматы Сейітбек Ешмұратов.  

Станцияда әр жылдары еңбек еткен ардагерлердің айтуынша, Түрксіб құрылысынан бергі аралықта 13 теміржолшы «Құрметті теміржолшы»  төсбелгісімен марапатталыпты. Одан бөлек Ленин орденін иеленгендер бір төбе. Қызметтері жоғары бағаланған теміржолшылар кейінгі буын жастарға, теміржол бойындағы барлық еңбек адамдарына үлгі.  

Ақтоғай өңіріндегі теміржол тарландарының өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тарих екендігі белгілі. Осы орайда, қазақ теміржолының дамуына сүбелі үлес қосқан, станциядағы түрлі теміржол мекемелерінде қалтқысыз қызмет атқарған, бүгінде зейнеткерлікке шыққан ардагерлер еңбегіне тағы бір баға беріліп, биылғы мерейтойлы жылы ескерілсе дейді жергілікті теміржолшылар.    

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті