Весна станциясы Ақжолтай болып өзгерді

Станция тынысы
15.07.2021, 10:58
Асхат Райқұл

Мойынтыдан ары, Сарышағаннан бері орналасқан станцияның атауы кешегі жылдың соңына дейін «Весна» болған. Елеусіздеу жатқан бекеттен солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстіктен солтүстікке ағылған жолаушы, жүк пойыздарының бәрі өтеді. Енді станция атауы «Ақжолтай» болып өзгерді. Рас, бұл жағымды жаңалықты өткен жылдың соңына таман сүйіншілеген болатынбыз. Алайда, осы атауды өзгерту үшін де біршама тер төгілді. Жұмабай Асанов – 1986 жылдан бастап, 2019 жылдың қыркүйек айына дейін отыз үш жыл бойы осы станцияны басқарған теміржолшы. Міне, осы азаматтың бастамасымен «Весна» станциясы «Ақжолтай» болып өзгерді. «Бәрімізге белгілі, кеңес заманында орыстар қойып кеткен «Весна» атауын қазақшаласақ, көктем. Бірақ бұл біздің өңірдің табиғатына да, ауа райына да келмейді. Сондықтан көп ойланып, жүз толғанып, станцияның атауын ауыстыруға ұсыныс жасағанды жөн көрдім. Оның үстіне, сол тұста Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы халық арасында қызу талқыланып жатқан. Ұлттық кодымызды жаңғыртып, құндылықтарымызды салмақтай түсу қажеттігі айтылған құжат аясында алғашқы шаруалар да атқарылып жатқан еді. Осы тұрғыдан да біздің бекетімізге өзгеріс қажет болды», – дейді Жұмабек Жолдасбайұлы. Ал Ақжолтай атауы қайдан алынды? Станциядан 120 шақырым қашықтықта Мойынты станциясы орналасқан. Одан бері 70 шақырым қашықтықта Орта жүзден шыққан батыр Ағыбай баба- мыздың атында ауыл бар. Ал сол Ағыбай батырды жұрт Ақжолтай атап кеткені айтылады тарихи деректерде. Өйткені, атқа отырғанда екі аяғы жерге тиіп тұратын, екі иығына екі кісі отырғандай ірі денелі батырдың жолы болғыш болған көрінеді. Ақжолтай батыр сонау 1820-1840 жылдары Ресей империясының Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуылында, патша әскерлерімен Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында топ жарған деседі. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында да Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып өтіпті. Сүйегі Сарыарқа мен Бетпақдала шектескен Тайатқан-Шұнақ жерінде жерленген. Сондықтан жергілікті азаматтар станция атауын батыр баба есімімен жаңғыртқанды жөн көріпті. «Бұл бастама ең алғаш 2017 жылы көтерілді. Еліміздің Атазаңына сәйкес жер-су атауларын өзгерту туралы мәселелер үш жылда бір қаралады екен. Республикалық ономастикалық комиссияның ұйғарымы мен Үкіметтің қаулысы 2020 жылы желтоқсанда тиді қолымызға. Сондай қатты қуандық еңбегіміздің ақталғанына. Қазіргі таңда құжаттар мен мөрдің барлығы өзгертілу үстінде», – деді Жұмабек Асанов. Теміржолда 47 жыл еңбек етіп, оның 34 жылында осы «Ақжолтай» станциясын басқарған қарт теміржолшы, өкінішке орай, осынша уақыт аралығында компания тарапынан бірде-бір марапат алмаған. Бұл, енді, шынымен бір кем дүние!..

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн