Өзбекстаннан Еуропаға алғашқы жүк пойызы аттанды

Әлемде
21.12.2022, 14:01

Өзбекстан Республикасының Еуропа елдеріне тауар апара жатқан жүк пойызы жолға шықты. Ол Болгарияға Түркіменстан арқылы Ресейді айналып өтіп жетеді, деп хабарлайды Rail-news.kz Нalyq unі сайтына сілтеме жасап.

Пойызда 46 вагон бар. Ол Өзбекстан – Түркіменстан – Әзербайжан – Грузия – Болгария бағытында жүреді. Жолдың қашықтығы – 4 мың шақырым.

Осыған байланысты Өзбекстанда президент Шавкат Мирзияевке теміржол саласындағы ірі халықаралық жобалардың қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді. Ел президентімен кездесуде теміржол саласының басшылары 454 шақырымдық «Өзбекстан – Қырғызстан - Қытай» темір жолының құрылысы туралы да айтты.

Баяндамада жоспардағы жұмыстар да сөз болды. Атап айтқанда, Бішкекте жобалық кеңсе құрылады. Жобаны басқару стилі мен процедурасы талқыланады. Халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізіледі. Жалпы, 1 маусымға дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жоспарланған. Сонымен бірге 765 шақырымға арналған «Термез – Мазари-Шариф – Қабул – Пешавар» темір жолының құрылысы туралы да хабарланды.

Өзбекстан президенті аталған теміржол құрылыстарын мақұлдап, әріптес елдермен «жол картасын» әзірлеуге тапсырма берді.

«Осы екі темір жолдың құрылысы Өзбекстанның көлік коммуникацияларын әртараптандырып, логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді», –  деді Шафкат Мирзияев.

 

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын