Түркия билігі Анкара мен Ыстанбұл арасындағы жол жүру уақытын бірнеше есе қысқартатын аса жоғары жылдамдықты пойыз жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жаңа пойыз сағатына 350 шақырымға дейінгі жылдамдықты еңсере алады. Соның арқасында жолаушылар Анкара мен Ыстанбұл арасын небәрі 80 минутта жүріп өтпек.
Қазіргі таңда екі қала арасындағы сапар жоғары жылдамдықты «Hızlı Tren» пойызымен шамамен 4 сағатқа созылады.
Түркия алдағы уақытта елдің кез келген нүктесіне теміржол арқылы 48 сағат ішінде жетуге мүмкіндік беретін көлік желісін қалыптастыруды көздеп отыр.
Мамандардың пікірінше, бұл бастама Түркияның көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, теміржол қатынасын дамытуға және тұрғындардың мобильдігін арттыруға ықпал етеді.