Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін

Әлемде
25.06.2026, 11:12
Сурет: freepik.com

Трансауған теміржолының құрылысы 2027 жылдың екінші жартысында басталуы мүмкін. Бұл туралы Өзбекстан Көлік министрінің орынбасары Жасурбек Чориев мәлімдеді деп хабарлайды Rail-news.kz

Болашағы зор бұл магистраль Ауғанстанды Пәкістанмен және оның Араб теңізіндегі порттарымен байланыстырып қана қоймай, Орталық Азия елдері үшін теңіз жолдарына шығатын ең қысқа бағытқа айналмақ. Сонымен қатар, Трансауған теміржолы жоспарланып отырған БРҚӨАП (Беларусь – Ресей – Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан) көлік дәлізінің бір бөлігі ретінде қарастырылуда.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, жолды ең қысқа қашықтық — «Термез – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» (649 км) маршруты бойынша салу ұйғарылған. Құрылыс құны 7 миллиард долларға бағаланып отыр, бұл бастапқы болжамнан (4,8 млрд доллар) едәуір жоғары. Есептеулер бойынша, жолдың тегіс жазықтықтағы бір шақырымының орташа бағасы 4 миллион долларды құраса, таулы аймақтарда бұл көрсеткіш 10 миллион долларға жетеді. Жасурбек Чориевтің айтуынша, құрылысқа Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Қазақстанның шетелдік инвесторлары қызығушылық танытып отыр.

Алайда, қазіргі жағдайда жобаны жүзеге асыруға екі нәрсе кедергі, дейді «Logistan» порталының бас редакторы Григорий Михайлов. Біріншісі — қаржыландыру көзі әлі белгісіз. Екіншісі — халықаралық жағдай. Трансауған магистралі болашақта Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістанды өзара байланыстыруы тиіс.

«Ауғанстан мен Пәкістан бір-біріне бомба мен зымыран жаудырып жатқанда теміржол салу қиын. Алдымен шекарадағы жағдайды реттеп, өзара іс-қимылды жолға қойып алу керек, ал құрылысты содан кейін ғана бастаған жөн», — деп атап өтті сарапшы.

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады