Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты

Әлемде
13.08.2026, 12:54

Қытайда жартылай биік контейнерлерді екі қабаттап тасымалдап, ары қарай теңіз көлігіне тиеуге арналған елдегі алғашқы теміржол жобасы іске қосылды. Бұл туралы Қытайдың Орталық теледидары мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Алғашқы пойыз Ішкі Моңғолиядағы Баотоу қаласынан Хэбэй провинциясындағы Хуанхуаган портына қарай жолға шықты. Жаңа бағыт «теміржол - теңіз» схемасы бойынша сусымалы жүктерді бүкіл жол бойы контейнерлерді ауыстырмай әрі ашпай тасымалдауды көздейді.

Тасымал үшін стандартты биіктігі 2,6 метрлік контейнерлердің орнына биіктігі 1,7 метр болатын жартылай биік контейнерлер қолданылады. Бұл оларды теміржол платформаларына екі қабаттап орналастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа технология тасымал тиімділігін арттырып, тиеу-түсіру операцияларының санын азайтады деп күтілуде. Қытай тарапының бағалауынша, бұл көлік шығындарын 25%-дан астамға қысқартуға мүмкіндік береді.

Осылайша, Қытайда жүкті жөнелту пунктінен соңғы межеге дейін бір контейнермен жеткізуге мүмкіндік беретін «теміржол - теңіз» логистикасының жаңа форматы пайда болды.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда