28 тамызда Өзбекстанның Сурхандария облысы Денау ауданында жолаушылар пойызы мен Gentra жеңіл автокөлігі соқтығысқан ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз теміржолды кесіп өтпек болған ақ түсті Gentra көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнынан түсірілген видеодан көліктің жақындап қалған пойыздың алдынан теміржол өткеліне шығып кеткенін көруге болады. Қатты соққыдан жеңіл автокөлік бетон бағанаға барып соғылып, ауыр зақымданған.

Кадрларда соқтығыстың күшінен көлік салонындағы адамның сыртқа ұшып кеткені де байқалады. Kun.uz мәліметінше, апат салдарынан төрт адам қаза тапқан.