Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды

Әлемде
07.09.2026, 08:38
Сурет: Bogdan Vulturescu/LinkedIn

Францияда аккумулятормен жүретін пойыздар алғаш рет тұрақты жолаушылар тасымалына шықты. Шілде айының соңында елдің оңтүстігінде төрт вагонды контактілі-аккумуляторлы пойыз іске қосылса, бір айдан кейін Окситания өңірінде үш вагонды екінші құрам қатынай бастады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл Франциядағы аккумуляторлық тартқышы бар моторвагонды жылжымалы құрамды коммерциялық пайдаланудың алғашқы тәжірибесі.

Пойыздар бастапқыда 2000 жылдары Bombardier Transportation компаниясы шығарған B82500 және B81500 сериялы дизель-электрлі құрамдар болған. Кейін олар Alstom компаниясының Креспендегі зауытында жаңғыртылып, дизель қозғалтқыштарының орнына жалпы сыйымдылығы 840 кВт/сағ болатын литий-ионды аккумуляторлар орнатылды.

Жаңа батареялар пойызға электр желісіне қосылмай 80 шақырымнан астам жол жүруге мүмкіндік береді. Рекуперация жүйесінің арқасында электр энергиясын тұтыну 20%-ға дейін төмендейді. Аккумуляторлардың болжамды қызмет ету мерзімі – 10 жыл.

Пойыздардың бірі Авиньон – Карпантра бағытында қатынап, электрлендірілген учаскелерде қозғалыс кезінде қуат жинайды. Екінші құрам 21 шақырымдық Ним – Вовер электрлендірілмеген желісінде жұмыс істейді және соңғы стансада тұрған кезде қуатталады.

Жобаны SNCF ұлттық теміржол тасымалдаушысы Alstom компаниясымен және Францияның бес өңірімен бірлесіп жүзеге асыруда. Оның жалпы құны 41 млн еуродан асады.

Аккумуляторлық пойыздарды енгізу Францияға электрлендірілмеген теміржол желілерінде дизель отынын пайдалануды азайтып, өңірлік жолаушылар тасымалын экологиялық таза технологияларға кезең-кезеңімен көшіруге мүмкіндік береді.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті