Кез келген төтенше жағдайға дайынбыз...
Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Маңғыстау қалпына келтіру пойызы – теміржол бойында, станция-бекеттерде апатты жағдаймен байланысты төтенше оқиғалар орын алса алдымен жетіп, тез қалпына келтіруге қаншан да сақадай сай тұратын сенімділігімен танылған. Қалпына келтіру пойызының басшысы Мұрыстан Мизановпен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
– Табиғаттың талай сынақтарынан сүрінбей өтіп, теміржолды от пен судан, апатты жағдайдан құтқарып, қозғалыс қауіпсіздігі үшін қызмет етіп келе жатқан мекеменің басты ұстанымы не?
– Тәртіп. Бізде жазылмаған заң, өзгермейтін ұран бар: «Кімде-кім жұмыс уақытында жұмыс істемесе, жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейді» деген. Егер қызметкерлер тапсырманы шала орындаса, күн-түн, ерте-кеш, сенбі-жексенбі демей, қайта істейтінін біледі. Сондықтан, сапасыздық пен шалағайлық бізде ілуді бір кездеседі.
─ Қалпына келтіру пойызының техникалық жарақталуы талапқа сай ма?
─ Жалпы ұжымда 28 адам еңбек етеді. Техникадан 5-6 трактор, тартқыш техникалар мен бульдозерлер, 2 кранымыз бар. Кранның біреуі 125 тонналық, ол құлаған вагон немесе ауыр жүктерді көтеруге қауқарлы. Екіншісі 60 тонналық ЭДК-300 краны. 5-6 жыл бұрын үлкен бір трактор алып, қуанышқа кенелген едік. Соңғы жылдары кезде ештеңе алмадық. Жасыратыны жоқ, соңғы кезде материал жағы ақсап қалды. 40-50 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан техникалар бар. Мысалы, аккумулятор шаруашылығындағы дүниелер жұмыс істеу мерзімінен баяғыда асып кеткен. Техникаларымыздың ішінде 6 техника деполық жөндеуден өтпей тұр. Күрделі жөндеудің де жағдайы нашарлады. Дегенмен, жол қусырып қарап отырған біз жоқ, жоқтан бар жасап, өз міндетімізді толық атқарып келеміз. Өзінің қарауындағы қондырғыларды, арнаулы техникаларды жұмысшылар үнемі қадағалап, күнделікті тексеріп отырады.
─ Егер қандай да бір қауіп туындаса, көне техника төтеп бере ала ма?
─ Апаттық жағдайларда вагондарды жолға қойып немесе ұзаққа күттірмей теміржолдағы жолаушылар мен жүк пойыздарының жолын ашу – біздің басты міндетіміз. Төтенше жағдайларға алдын ала дайындалып, сақадай сай тұру үшін үздіксіз жаттығамыз. Техникаларымызды тексереміз, оңдаймыз, теміржолдан басқа сырт мекемелерге мердігер шартпен жұмыс жасап ақша табамыз. Көне техникамен де талай жұмысты бітіріп, ешкімді ұятқа қалдырған емеспіз. Соңғы рет 2013 жылы Маңғыстау мен Шетпенің арасында 20 шақты вагон өртеніп, соны қалпына келтірдік. Ал былтырғы жылы 17 рет сұраныспен шығып, теміржолдағы бағыттама бұрмаларды ауыстыру, ауыр жүктерді түсіріп-тиеудің арқасында 4 млн. үстінде қаржы таптық.
─ Сіз жайында әріптестеріңіз «Бұрынғы қалыптасқан үрдісті одан әрі жалғастырып, ұжымды тың табыстарға жұмылдырып келеді. Жасақталған мамандарды төтенше жағдайларға дайын болуды оқыту, үйрету жұмысын бірінші орынға қоятын маман» деседі...
─ Менің мұнда жұмыс істеп жатқаныма 21 жыл болды. Осы уақыт ішінде қаншама жас маманды тәриелеп өсіріп, білгенімді үйретіп, кәсіпке баулығанымды мақтан тұтамын. Жігіттерімнің бәрі де еңбекқор, өз істеріне жетік. Бос уақыта қосалқы шаруашылық жұмыстармен шұғылданады. Мекеменің артында бау-бақшамыз, оның ішінде неше түрлі жеміс-жидектер бар, соларды қарайды. Қысқасы, жұмыссыз қарап отырмайды.
─ Еңбек жолыңызды станция кезекшісі болып бастаған екенсіз...
─ Ия, сонау Бейнеуден бері қарайғы бекеттердің бірінде 1973 жылдан бастап 2 жылдай станция кезекшісі болдым.1975 жылы Алматыға аттанып, теміржолдың оқуын бітірдім. Сосын өз мамандығым бойынша ШЧ мекемесінде 10 жыл жұмыс істедім. 2 жылдай Сай-Өтесте аға механик, одан кейін бас инженер, директордың орынбасары, т.т. біраз қызметтің дәмін аттық. 1996 жылдан бері осы қалпына келтіру пойызында еңбек етемін. Бұл 1966-67 жылдары ашылған мекеме. Бүгінде жұмысшыларға барлық жағдай жасалған, жуынатын жер, кептіргіш құралдарымыз, тамақтанатын орын, еңбек қорғау және қауіпсіздік бөлмелері, техникалық оқыту бөлмесі, т.т. бар қажеттілік бар.
– Есіңізде қалған бір оқиғаны айтып беріңізші?
– Екі жыл қатарынан, яғни 1998-99 жылдары Ералыға кетіп бара жатқан жолда 13-ші шақырымда жолаушылар пойызы көлікпен соқтығысып апатқа ұшырады. Біреуінде 5 вагон, екіншісінде 7 вагон құлады. Бірақ, сол екі оқиғада да жерде бірде-бір адам жарақат алмай, аман-сау шыққанымыз тағдырдың ең үлкен сыйы деп тәубе етемін. Сондықтан есімде қалды. Біз құлаған, қисайған вагондарды лезде орнына қойып, қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірмедік.
─ Рахмет, еңбегіңіз жемісті болсын.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года