Кез келген төтенше жағдайға дайынбыз...

Сұхбат
30.06.2017, 14:55
Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты   Маңғыстау қалпына келтіру пойызы – теміржол бойында, станция-бекеттерде апатты жағдаймен байланысты төтенше оқиғалар орын алса алдымен жетіп, тез қалпына келтіруге қаншан да сақадай сай тұратын сенімділігімен танылған. Қалпына келтіру пойызының басшысы Мұрыстан Мизановпен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.   – Табиғаттың талай сынақтарынан сүрінбей өтіп, теміржолды от пен судан, апатты жағдайдан құтқарып, қозғалыс қауіпсіздігі үшін қызмет етіп келе жатқан мекеменің басты ұстанымы не? – Тәртіп.  Бізде  жазылмаған заң, өзгермейтін ұран бар: «Кімде-кім жұмыс уақытында жұмыс істемесе, жұмыстан тыс уақытта жұмыс істейді» деген. Егер қызметкерлер тапсырманы шала орындаса,  күн-түн, ерте-кеш, сенбі-жексенбі демей, қайта істейтінін біледі. Сондықтан, сапасыздық пен шалағайлық бізде ілуді бір кездеседі.      ─ Қалпына келтіру пойызының техникалық жарақталуы талапқа сай ма?   ─  Жалпы ұжымда 28  адам еңбек етеді.  Техникадан 5-6 трактор, тартқыш техникалар мен бульдозерлер, 2 кранымыз бар. Кранның біреуі 125 тонналық, ол құлаған вагон немесе ауыр жүктерді көтеруге қауқарлы. Екіншісі 60 тонналық ЭДК-300  краны.  5-6 жыл бұрын үлкен бір трактор  алып, қуанышқа кенелген едік. Соңғы жылдары кезде ештеңе алмадық.  Жасыратыны жоқ, соңғы кезде материал жағы ақсап қалды.  40-50  жылдан бері қызмет етіп келе жатқан  техникалар бар. Мысалы, аккумулятор шаруашылығындағы дүниелер жұмыс істеу мерзімінен баяғыда асып кеткен. Техникаларымыздың ішінде 6 техника деполық жөндеуден өтпей тұр. Күрделі жөндеудің де жағдайы нашарлады. Дегенмен, жол қусырып қарап отырған біз жоқ, жоқтан бар жасап, өз міндетімізді толық атқарып келеміз. Өзінің қарауындағы қондырғыларды, арнаулы техникаларды жұмысшылар үнемі қадағалап, күнделікті тексеріп отырады.   ─ Егер қандай да бір қауіп туындаса, көне техника  төтеп бере ала ма? ─ Апаттық жағдайларда вагондарды жолға қойып немесе ұзаққа күттірмей теміржолдағы жолаушылар мен жүк пойыздарының жолын ашу – біздің басты міндетіміз. Төтенше жағдайларға алдын ала дайындалып, сақадай сай тұру үшін үздіксіз жаттығамыз. Техникаларымызды тексереміз, оңдаймыз, теміржолдан басқа сырт мекемелерге мердігер шартпен жұмыс жасап ақша табамыз. Көне техникамен де талай жұмысты бітіріп, ешкімді ұятқа қалдырған емеспіз. Соңғы рет 2013  жылы Маңғыстау мен Шетпенің арасында 20  шақты вагон өртеніп, соны қалпына келтірдік. Ал былтырғы жылы  17 рет сұраныспен шығып,  теміржолдағы бағыттама бұрмаларды ауыстыру, ауыр жүктерді түсіріп-тиеудің арқасында 4 млн. үстінде қаржы таптық.   ─ Сіз жайында әріптестеріңіз «Бұрынғы қалыптасқан үрдісті одан әрі жалғастырып, ұжымды тың табыстарға жұмылдырып келеді. Жасақталған мамандарды төтенше жағдайларға дайын болуды оқыту, үйрету жұмысын бірінші орынға қоятын маман» деседі...  ─ Менің мұнда жұмыс істеп жатқаныма 21 жыл болды. Осы уақыт ішінде қаншама жас маманды тәриелеп өсіріп,  білгенімді  үйретіп, кәсіпке баулығанымды мақтан тұтамын. Жігіттерімнің  бәрі де еңбекқор, өз істеріне жетік.   Бос уақыта  қосалқы шаруашылық жұмыстармен шұғылданады. Мекеменің артында бау-бақшамыз, оның ішінде неше түрлі жеміс-жидектер бар, соларды қарайды. Қысқасы, жұмыссыз қарап отырмайды.   ─ Еңбек жолыңызды  станция кезекшісі болып бастаған екенсіз...   ─ Ия, сонау Бейнеуден бері қарайғы бекеттердің бірінде 1973 жылдан бастап 2 жылдай станция кезекшісі болдым.1975  жылы Алматыға аттанып, теміржолдың оқуын бітірдім. Сосын өз мамандығым бойынша   ШЧ мекемесінде 10 жыл жұмыс істедім.  2 жылдай Сай-Өтесте аға механик, одан кейін бас инженер, директордың орынбасары, т.т. біраз қызметтің дәмін аттық.  1996 жылдан бері осы қалпына келтіру пойызында еңбек етемін. Бұл 1966-67 жылдары ашылған мекеме. Бүгінде жұмысшыларға барлық жағдай жасалған,  жуынатын жер, кептіргіш құралдарымыз, тамақтанатын орын, еңбек қорғау және  қауіпсіздік бөлмелері, техникалық оқыту бөлмесі, т.т. бар қажеттілік бар.  – Есіңізде қалған бір оқиғаны айтып беріңізші? – Екі жыл қатарынан, яғни 1998-99 жылдары Ералыға кетіп бара жатқан жолда 13-ші шақырымда жолаушылар пойызы көлікпен соқтығысып апатқа ұшырады. Біреуінде 5 вагон, екіншісінде 7 вагон құлады. Бірақ, сол екі оқиғада да жерде бірде-бір адам жарақат алмай, аман-сау шыққанымыз тағдырдың ең үлкен сыйы деп тәубе етемін. Сондықтан есімде қалды.  Біз құлаған, қисайған  вагондарды лезде орнына қойып, қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірмедік. ─ Рахмет, еңбегіңіз  жемісті болсын.   

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты