Вокзал кезекшісіне талап жоғары
Новости
13.07.2018, 10:32
Елорданың әлемдік деңгейдегі «Нұрлы жол» вокзалында қызмет ететіндердің дені – қазіргі заман талаптарына сай біліктілік жинақтаған жастар. Аумағы 130,7 мың шаршы метр кешенде 300-ден астам қызметкер вокзалға келген халыққа аяқтарынан тік тұрып қызмет көрсетеді.
Бұрын-соңды елімізде болмаған мұндай вокзалға қызметкерлер, әсіресе, басым бөлігін құрайтын вокзал кезекшілері қалай іріктеледі, оларға ең басты қойылатын талаптар қандай, оларға қандай жағдай жасалған, «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешені технологиялық процестерді ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ғалия Нүскеева баяндап берді.
Вокзалға кіргеннен бастап екі жақта тұрған, одан әрбір қабаттың эскалаторын айнала, барлық залда сізді күлімдеп қарсы алатын, форма киген әп-әдемі жастар – вокзал кезекшілерін кейбіреулер «топырлап не істеп жүр» деп сынайды екен. Дегенмен кәсіби тұрғыдан және қауіпсіздік талаптары жағынан алып қарағанда олардың әрбірінің атқаратын қызметі мен жауапкершілігі бар. Ғалия Жабықпайқызының айтуынша, вокзал кезекшілеріне қойылатын талап та жоғары, соған сай еңбек жағдайы да жасалған.
– Әрбір кезекші өзі тұрған жерден 200 метр аумақта болып жатқан жағдайларды, адамдарды, жабдықтарды үнемі назарда ұстап, олардың қауіпсіздігі мен сақталуын бақылап тұрады. Кешеннің 16 кіреберіс және шығаберісі мен перроны, 8 залы бар, әр қабатына кезекшілер ретіне қарай бөлінген. Бір ауысымдағы 65 кезекшінің ішінде аға кезекшілер тағайындалған, олар өзіне қарасты кезекші құрам қызметіне бақылау жүргізеді. Жолаушыларды жылы қабақпен қарсы алып, кез-келген сұрағына жауап беріп, қызмет көрсетіп, сәт-сапар тілеп, қажет жағдайда перронға дейін шығарып салу сынды міндеттерден бөлек кезекшілер билет кассасы, күзет қызметі, тағы да басқа нысандардың өз жұмысын мінсіз атқаруын қадағалайды. Сондықтан да оларға басқа қызметтердің де жұмыс ережелері техникалық және тәжірибелік сабақтарда оқытылып, үйретіледі, – дейді бөлім бастығы.
Вокзал кезекшілеріне қойылатын басты талаптар қандай? Ең бірінші, оларды қызметке алғанда міндетті түрде көліктегі тасымалды ұйымдастыру бойынша мамандығы бойынша біліктілігі, яғни арнайы дипломы болуы керек, екінші тіл білуі маңызды. Қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгеруі қажет, білмесе үйренеді. Ағылшын тілін білуі «Elementary» деңгейінен төмен болмауы керек, бүгінде вокзалдағы қызметкерлердің 40-50 пайызы бұл стандартқа жауап береді екен. Ал қызмет барысында олардың ұлттық компания басшылығымен бекітілген жұмыс формасын киюі, сыртқы түр-келбеттерін ретке келтіріп, үсті басын таза ұстауы айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар әйел кезекшілерден міндетті түрде күндізге арналған жеңіл макияж талап етіледі. Бірақ ол ерекше көз түсетіндей өрескел болмауы тиіс, сол сияқты салпыншақ сырға мен әшекей, түсі ерекше көзге шалынатын тырнақ бояуға тыйым салынады. Қыздарға міндетті түрде классикалық қара туфли кию міндетті. Сырт келбеттен бөлек жеке бас қауіпсіздігін сақтау, іскерлік мінез-құлық этикасын сақтау, өз кезекшілігіндегі кейбір өзекті жайттарды келесі ауысымдағы әріптесіне жеткізу, бекітілген логистика бойынша жолаушылар ағынын реттеу сынды міндеттер жүктелген.
Бұған қоса қауіпті аймақта жолаушылар мен азаматтардың жүру тәртібін сақтауын қадағалау, пойыз бригадаларының санитарлық аймақ бойынша атқаратын талаптарды орындауын бақылау, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарама-қарсы бағытта жүретін жолаушылар ағынын реттеу, кешен аумағының санитарлық жағдайын, құралдардың жұмыс істеу жарамдылығын бақылауда ұстау, билет кассирлерінің жұмыс тәртібін тексеріп, формалары мен бейдждерінің болуына мән беру, кассадан немесе электронды билет алу кезегін реттеу, диктордың ақпараттарды өз уақытында хабарлауына назар аудару сынды жауапкершіліктер де вокзал кезекшісіне жүктелген. Стратегиялық ғимарат болғандықтан вокзалда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады. Сондықтан әрбір кезекші түр келбеті күдік тудыратын адамдарды назарда ұстап, желілік сақшылармен тығыз байланыста болады. 20 шақты рациямен олар осындай түрлі ахуалды түрлі қызметтерге хабарлап отырады.
– Бүгінгі таңда бізде барлығы 300-ден астам қызметкер жұмыс істесе, соның 279-ы вокзал кезекшісі, ер және әйел адамдардың үлесі теңдей болуын қадағалаймыз. Қызметтер атауына келсек, алдымен вокзал бастығының кезекші көмекшісі – ол ауысым бастығы, сонымен қатар вокзал, зал, аумақ, перрон, анықтама беру бойынша кезекшілер және диктор бар. Бұл кезекшілер бірінің орнын бірі ауыстыра алатындай етіп оқытылады. Жалпы кезекшілерді қабылдағанда жас ерекшеліктеріне шектеу жоқ, бірақ біз вокзал ашылардан бұрын оқу орындарын аралап, іріктеу жүргізгенде көбіне оқуды енді бітіріп жатқан жастарды алдық жұмысқа. Вокзал бастығының кезекші көмекшісінің құзырында 65 кезекші бар. Оны өз алдына ұйымдастырушылық қасиетке ие, халықпен жұмыс істей алатын қызметкерлерден тағайындаймыз. Бірінші қабат күту залы және келу залы деп бөлінеді, келгендер эскалатор арқылы астына түсіріледі, әрбір залда кем дегенде 5-6 кезекшіден тұрады. Бір ауысымда анықтама беру бойынша 8 кезекші болады. Басты тарату залы – 4-қабатта. Бүкіл жөнелтілетін жолаушылар ағынын осында реттейміз. Перронға түсетін негізгі эскалаторлар алдында екі кезекшіден тұрады, олар эскалаторды пайдалану ережелерін қатаң қарайды, әрі жолаушыға бағыт-бағдар береді, оларды қажетті эскалаторға жіберіп, шатастырмай мінгізіп-түсіруге міндетті. Вокзалдың ашылғанына бір жылдан асса да жолаушылар әлі де адасады, оларға ең қысқа, ыңғайлы жолды көрсетіп, көмек көрсетеміз, – дейді Ғалия Нүскеева.
Эскалатор алдында тұрған кезекшілерге талап жоғары, себебі эскалатормен байланысты сауда орталықтарында жиі болатын жағымсыз жайттарды ескеріп, кезекшілер соған сай көмек көрсетуге әзірленген. Қызметкерлердің бір қолы шұғыл түрде қажет етілген жағдайда эскалаторды тоқтататын тетіктерді басуға дайын тұрады. Көбіне жолаушылардан қателік кетеді, балаларын өз қастарына дұрыс ұстамайды, кейде егде жастағы кісілер эскалатормен жүруге қорқады. Тағы бір басты талап – мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасау, ондай жандарды кезекшілер өзінің технологиялық зонасында күтіп алып, қажет еткен жағдайда вокзалдағы арнайы мүгедектік арбаға отырғызып, керекті жеріне жеткізіп, бар сұраныстарын орындайды.
– Бұл жастар оқу орнын енді ғана бітірген мамандар болғандықтан, вокзал ашылмастан бұрын оларды бір ай бұрын оқыттық, жолаушыларға қызмет көрсетуді үйреттік. Практикадан басқа теориялық сабақтар жүргізілді, - деді Ғ.Нүскеева.
Айына 4 рет техникалық сабақ өтеді екен, техникалық кабинеттер проекторлармен жабдықталған, техникалық мүмкіншіліктері зор. Сонымен қатар кешеннің медициналық қосынындағы дәрігер кезекшілерге алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын да үйретеді. Ауысымдағы қызметкерлердің тамақтану үзілісі жарты сағат, одан бөлек түске дейін және кейін жарты сағаттан тағы техникалық үзіліс болады. Кезекшілерге киім ауыстыратын арнайы жабдықталған кабинеттерден бөлек асхана қарастырылған. Қабаттар аралықтарында кезекшілердің бос уақыттарын өткізуі үшін теннис үстелдері қойылған.
Әр жұма сайын вокзал бастығының кезекші көмекшілері бастап бір аптаның жұмысын қорытындылап отырады. Апта бойына кеткен қателіктер, ерекше жағдайлар, өзекті мәселелер, назар аударатын тұстар талқыға түседі. Соған сай алдағы аптаға тапсырма беріледі.
Ұжым басшылығы аталған талаптар үдесінен шығып, жыл бойына жоғары қызметімен көрінген 33 вокзал кезекшісін ынталандыру мақсатында олардың суретін күту залындағы «Үздік вокзал кезекшісі» тақтасына іліпті. Ал Астананың 20 жылдығына орай вокзал кезекшілерінің суреттері салынған көлемді баннерлер дайындалып, жолаушылар жүретін технологиялық зоналарға ілінген.
– Мұның бәрі жас қызметкерлердің өз кәсібіне деген ынта-ықыласын одан әрі арттырып, олардың есімін халыққа паш ету арқылы адал еңбектеріне баға беру мақсатында жасалуда дейді бөлім бастығы. Тек маусым айында Нұрлы жол вокзалы 659 мың адамға қызмет көрсетіпті.
Райхан РАХМЕТОВА
Суретті түсірген автор
Инфраструктура
27.11.2024
Более 250 км железнодорожного полотна капитально отремонтировало ТОО «Теміржол жөндеу»
Регионы
27.11.2024
Меры предотвращения наездов на людей и скот обсудили в Алматинском отделении магистральной сети
Регионы
27.11.2024
Обеспечение безопасности движения проверят в Оскеменском эксплуатационном вагонном депо
Новости
27.11.2024
Более 250 студентов и школьников побывали на экскурсии в Центре оценки и развития персонала железнодорожного транспорта
Новости
27.11.2024
Казахстан намерен увеличить пропускную способность коридора «Север-Юг» до 20 млн тонн
Новости
26.11.2024
Более 155 мостов построят во время строительства новых железных дорог в Казахстане
Новости
26.11.2024
Олжас Бектенов дал ряд поручений Минтранспорта и КТЖ
Новости
26.11.2024
До 2027 года КТЖ построит 9 терминалов
Новости
26.11.2024
Развитие железнодорожной отрасли и транзитного потенциала рассмотрели в правительстве Казахстана
Новости
26.11.2024
Объемы контейнерных перевозок за три года выросли на 30%
Грузовые перевозки
26.11.2024
Минтранс: объем грузоперевозок вырос на 3,5% в Казахстане
Новости
26.11.2024
Более 1600 договоров с отечественными производителями заключило КТЖ в 2024 году
Инфраструктура
26.11.2024
Ремонтные работы железных дорог завершили на 96% в Казахстане
Грузовые перевозки
26.11.2024
Годовой план по сдаче грузов через Достык – Алашанькоу выполнили досрочно
Пассажирские перевозки
26.11.2024
Нацперевозчик напомнил правила использования стоп-крана в пассажирских вагонах
Новости
26.11.2024
Развитие ТМТМ обсудили в Стамбуле
Инфраструктура
26.11.2024
Инфраструктуру железных дорог продолжают улучшать в Павлодарском отделении магистральной сети
Новости / Архив
26.11.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №100 от 26 ноября 2024 года
Новости
25.11.2024
Неизвестные похитили болты скрепления пути на перегоне Көкпекті – Нұра
Новости
25.11.2024
Около 3 тысяч раз пришлось применить экстренное торможение машинистам КТЖ в 2024 году