Мұнайға тартылған жол
Батыс Қазақстанға тартылған темір жол, ең алдымен мұнай өндірісін дамыту, мұнай өнімдерін тасымалдау үшін салынғаны белгілі. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары Маңғыстауда Өзен, Жетібай кеніштерінің ашылуы өз кезіндегі маңызы бойынша казіргі Ресейдің – Тюмень, Қазақстанның – Теңіз мұнай алыптарымен тең тұратын жаңалық болды.
Оны игеру үшін әрине аса зор өндірістік, әлеуметтік, инфрақұрылымдық шараларды атқару керек болды. Ал мұның бәрі теміржолсыз жүзеге аспайтыны түсінікті. 1963 жылы 30 қаңтарда КСРО Көлік жолы құрылысы министрінің Гурьевте (бүгінгі Атырау) № 99 құрылыс басқармасын құру туралы № 30 бұйрығы шықты. № 99 құрылыс басқармасы уақытша Мақат станциясында орналасқан.
Қазақ темір жолын дамытуда дара үлесі бар басқарма әуелі 700 шақырымдық Мақат – Маңғыстау, кейін 1967 жылы оны 884 шақырымға дейін ұзартып, Өзенге жететін темір жол төсеп шықты. Сол-ақ екен, темір жолмен өндірістік-технологиялық жабдықтар, іргесі қаланып жатқан жас қалалар мен жаңа елді мекендерге қажетті құрылыс материалдары толассыз тасымалдау басталды. Мұндай аса ауқымды қаракеттерге әзірлігі жоқ қияндағы түбекке тәулік сайын тұтынатын ауыз су мен азық-түлікке дейін темір жол арқылы тасылды.
Мұнайға тартылған жол Құлсары станциясы арқылы өтіп, 11-ші жол дистанциясы толассыз жүк тасымалын үздіксіз қамтамасыз етіп тұрды. 1966 –1989 жылдар аралығында дистанцияны Б. Корся, И. Аймұрзаев, Н. Есенбергенов, З.Садуов сынды жолшылар басқарды. 1989 жылы сол кездегі мекеме басшылары сайланып қойылсын деген талапқа сайкес еңбек жолын осы дистанцияда жол монтеры болып бастап, бригадир, жол шебері, аға шебері, бас инженер лауазымына дейін көтерілген Шамшадин Сисенғалиұлы Құрманбаев басшылыққа келіп, 2003 жылға дейін үздіксіз жетекшілік етті. Отыз жыл жол шаруашылығының «отымен кіріп, күлімен шыққан» басшы дистанцияны үздіктер қатарына көтеріп, бірнеше буын мамандар легін тәрбиелеп шығарды. Күні бүгінге дейін дистанциядан 8 адам «Құрметті теміржолшы» төс белгісіне ие болған екен. Олар: З. Сәдуов (марқұм), Қ Аленов, Т.Садешов , Т. Жалмұханов, Ш. Жалмұханов, Ж. Еркімбаев, К. Нұрғожиев, Ш.Құрманбаевтар.
Әрине, құрылғанына биыл аттай 50 жыл толып отырған дистанция осы уақыт аралығында өрлеу де, құлдырау да кезеңдерін бастан кешіпті. Соңғы 10-12 жылдың ішінде мекемеде 6 басшы ауысқан. Бір кезде шаруасы дөңгеленген мекеме жұмысын қайта жандандыру мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Магистральдық желі дирекция басшылығы 2015 жылы дистанция басшылығына Ш. Құрманбаевты қайта тағайындады. Ш. Құрманбаев дистанцияның бас инженері Ж.Шықыбаевпен екеуі жалпы ұзындығы 300 км құрайтын телім бойын түгел аралап шығып, дистанцияда еңбек ететін 383 адамның түгелімен дерлік кездесіп, проблемалық мәселелермен, теміржолшылармен жақын танысып, тәртіп босаңсып, көрсеткіштері төмендеп кеткен өндірісті оңалтуға күш салды. Білікті де іскер, өз ісіне шын ниетпен берілген, еңбегіне аса жауапкершілікпен қарайтын мамандарға сенім артылып, нәтиже көп күттірмей, жол дистанцияның жұмысы кең серпінмен өрлеу кезеңіне аяқ басты.
Бүгінде Құлсары жол дистанциясы Мақат – Құлсары – Бейнеу телімдеріне қызмет көрсетіп, жалпы ұзындығы 300 км негізгі жолдың күтіміне жауап береді. Осы аралықта 5-ші дәрежелі 16 разъезд және 86 км станциялық жолы мен 220 бұрма бағыттағыштары бар. Дистанцияда 3 аға шебер бар, олардың арқайсысында 5 айналым бар. Әр біреуінің арасы 18-20 км. Айналымдағы жол шебелерінің қарамағында 2-3 бригада бар. Әр бригада құрамында 15-20 жол монтері еңбек етеді. Ақаутапқыш операторлар және жасанды құрылыстарды, көпірлерді тексеретін екі цех қолданыста.
2016 жылдың алғашқы жартыжылдығын дистанция ұжымы абыроймен орындап шықты. Жоспар 85 балл болса, оны 56 балдық көрсеткішке жеткізіп, жол күтім «жақсы» деген баға иеленді. Әсіресе № 11-ші айналымның жол шебері М. Наурызбаевтың, №13-ші айналымның жол шебері А. Әменовтің қарамағындағы телімдер жоғары сапалы күтімімен көзге түскен.
Жолшылар ұжымы дистанцияның 50 жылдығына орай биылғы еңбек көрсеткіштерін табысты орындауға күш салуда.
М.Хайруллин, ҚР журналистер одағының мүшесі
Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети