Баку порттары арқылы мұнай экспорты биыл ерекше қарқын алды

Жүк тасымалы
23.08.2022, 11:22
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады. Екі ел басшыларының кездесуі барысында бірқатар мәселелермен қатар көлік-логистикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайы сөз болады деп күтілуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазақстанның Баку порттары арқылы мұнай экспорты биыл ерекше қарқын алды. Қаңтар-мамыр аралығында 31,9 млн тонна мұнай экспортталған, бұл алдыңғы жылдан 5,5 пайызға көп. Қазақстанның ендігі жоспары – осы ел арқылы мұнай экспортын жылдың соңына дейін 85,5 млн тоннаға жеткізу. Осы мақсатта мұнайды әлемдік нарыққа шығарудың баламалы бағдары қарастырылуда. Бұл ретте Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия елдері арасындағы ынтымақтастықты арттыра отырып, тараптар Қазақстан мұнайын Еуроодақ нарығына теміржол инфрақұрылымы және Баку, Батуми порттары арқылы әрі қарай Қара теңізбен Румынияға жеткізе алады. Осылайша Транскаспий бағдары Қазақстанның мұнай өнімдерін Еуроодақ нарығына жеткізудегі маңызды дәлізге айналар еді. Алайда Қазақстан мұнайын Әзірбайжан аумағы арқылы тасымалдауды реттеу үшін алдымен Қазақстанның танкерлік флотын ұлғайту қажет және осы бағытта жұмыстар жоспарлануда. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елімізде 10 кемеден тұратын жеке паром флотын салу көзделіп отырғанын жеткізген болатын.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды