«Сұңқар» жүк кемесі сапарға шығады

Жүк тасымалы
23.09.2022, 10:18
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақтау портынан «Сұңқар» атты жаңа контейнер тасу кемесі сапарға шығады. Бұл Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктерін толық игеру мақсатында қолға алынып отыр.

Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия және басқа да елдердің көлік-логистикалық кешендері бойынша түрлі компаниялардың басын біріктіретін «ТХКБ» халықаралық қауымдастығы 2017 жылы ақпан айында құрылған. 2019 жылдың басында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» АҚ, сонымен қатар «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК-ның еншілес компаниялары мен KTZ Express Shipping АҚ арасында бас келісімге қол қойылып, соның аясында ҚТЖ «Қазтеңізкөлікфлоты» компаниясына 4 құрғақ жүк тиейтін кемесін ұзақ мерзімді жалдауға берді.  

Аталған бағдар бойынша 2020 жылдан тұрақты өсім басталды. Бүгінде жылдық көлем жылына жиырма футтық эквивалентпен есептегенде 20 мың контейнерді құрап отыр, осылайша бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артқан.  

Бағдардың өткізгіштік қабілетінің артқанын көрген Қазтеңізкөлікфлоты 2021 жылы наурызда дәл осы бағыт үшін «Барыс» кемесін арнайылап қайта жабдықтап, бұрын жоғары габаритті жүк тасымалына арналып келген кемені контейнер таситын кеме ретінде пайдалануға көшті. Елімізде контейнер тасу бойынша мамандандырылған бірінші кеме болып саналатын «Барыс» Каспий үшін рекордты көрсеткіш саналатын 350 ЖФЭ жүкті бортында қабылдай алады. Ақтау портындағы контейнерлік хаб құру, теңіз флотын нығайту, теңіз тасымалын дамытуға Мемлекет басшысы тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр.  

Бүгінде «Сұңқар» кемесін жаңғырту жұмыстары аяқталды, жуырда екінші контейнер тасымалдаушы кеме бірінші рейсіне шығады деп күтілуде. Бұл ҚТКФ флотының қуатын жылына 30 мың ЖФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазтеңізкөлікфлоты енді үшінші кеме «Бүркітті» контейнер тасымалдауға лайықтап өзгерту жұмыстарына кіріседі, ол жұмыстарды келесі жылдың бірінші тоқсанында аяқтамақ.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды