Көмір тасымалы штаттық режимде өтуде

Жүк тасымалы
18.11.2022, 09:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысында қайтадан құрылған Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын көмірмен негізінен Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары қамтамасыз етеді. Бұл ретте биылғы көмір тасымалы штаттық режимде жүріп жатыр.

Бүгінде қос аймақтағы барлық бюджеттік мекемелер қатты отынмен 100 пайыз қамтылған. Осы орайда Абай облысын жекелей қарастырсақ, биылғы жүргізілген есеп бойынша ағымдағы жылыту маусымындағы жалпы қажеттілік 564 мың тоннаны құрайды екен. Ал оның 442,2 мың тоннасы, яғни 78,4 пайызы бүгінде тасып жеткізілген. Бұл дегеніміз облыс көлеміндегі барлық жылу көздеріндегі нормативтік пайдалану қоры 119 пайыз қамтылды деген сөз. Барлық іс-шаралар жоспардан ауытқымай жүргізілуде.  

Биылғы жылдың қараша айының 15-ші жұлдызындағы есеп бойынша Абай облысының барлық теміржол тұйықтарында жалпы саны 14,5 мың тонна көмір жатыр. Оның ішінде көмір тұтынуда алдыңғы орында тұрған облыс орталығы, яғни бір ғана Семей қаласының өзінде 8,6 мың тонна көмір бар.  

Осы ретте әр тәулік сайын облыс көлеміндегі әрбір теміржол тұйығына орта есеппен алғанда 30 вагон көмір немесе 2 мың тонна қатты отын жеткізіледі. Әйтсе де, бұл өте жоғары көрсеткіш болғанымен аяз түссе, көмірге деген сұраныс күрт артуы мүмкін. Себебі Абай облысы да, Шығыс Қазақстан облысы да газдандырылмаған. Барлық жылу қазандықтары мен жеке сектор тек көмірге тәуелді.  

Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көмір жеткізуде кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте жергілікті теміржолшылар үшін кестеден ауытқу жоқ және тосын кедергілер туындамаған. Вагон жетіспеушілігін шешу мақсатында алдын ала іс-шаралар қабылданған. Сол себептен де, Дегелең станциясы мен Жаңа-Семей жүк станциясындағы жұмыс процесі мейлінше қауырт. Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы бөлімше басшысы Владимир Бабиченконың назарында тұр.  

Қазіргі күні Абай облысында көмір тасымалдау бойынша арнайы мониторингілік топ жұмыс істейді. Олар кірме жолдардың иелерімен бірлесіп стратегиялық жүкті жеткізу мәселелерін шұғыл шешуде. Сондай-ақ, сала мамандары жергілікті атқарушы билік өкілдерімен, көмір саудалаушы компания өкілдерімен тығыз байланыс орнатқан. Қазіргі таңда Абай облысы бойынша коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамту бойынша жалпы саны 10 теміржол тұйығы жұмыс істеп тұр. Оның төртеуі облыс орталығы Семей қаласында орын тепкен. Әлеуметтік көмір алушылар алдын ала жазылатын болғандықтан жаңа облыстың орталығында қазір қарбалас жоқ.  

Көмірдің тоннасы Семейде автокөлікпен жеткізіп беруді қоса алғанда 11,400 теңгеден сатылып жатыр. Бұл республикамыздағы ең төменгі баға.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды