Көмір керуенінде кідіріс жоқ

Жүк тасымалы
09.12.2022, 09:59
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Президент тапсырмасы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығы жөніндегі қызметін тексеру үшін құрылған арнайы комиссия жер-жердегі жылу орталықтары және қазандықтармен қатар көмір тасымалдау мен қатты отын қорын да назарға алып отыр.

Тексеру, қадағалау шаралары аясында қалалардағы көмір тұйықтарындағы отын қоры да қатаң түрде назарға алынуда. Бұл жұмыстар әлбетте теміржолшылар қауымына сын. Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің Семейге сапары барысында Абай облысында көмір қорының жеткілікті екендігі нақтыланды. Әйтсе де, Семей ЖТ бөлімшесіне бірқатар міндеттемелер жүктелді. Атап айтсақ, «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Семей жүк тасымалы» филиалы «Қаражыра» АҚ сұранысына сәйкес облыстың елді мекендеріне көмір жеткізу үшін қажетті вагондармен мерзімінде қамтамасыз етуге міндеттеліп отыр. Сонымен қатар, Қаражыра кен орны облыстың барлық жылу көздерін тиісті сападағы көмірмен қамтамасыз етуі тиіс.  

Биылғы қысқы маусым бойынша облыстың көмірге деген жалпы сұранысы 1,2 млн тоннаны құрайды екен. Бөлімшенің логистика және жүк тасымалы бөлімі мамандарының айтуынша, осыған дейін аймақтағы орталықтандырылған жылу көздеріне – 595,4 мың тонна, жеке сектордағы халыққа – 564 мың тонна, ал бюджеттік ұйымдарға – 83,1 мың тонна қатты отын қажет болған. Бүгінде оның 727,9 мың тоннасы жеткізіліпті. Дегенмен өңірдегі ауа температурасының төмен болуына орай тұрғындардан сұраныс азаймай отыр.  

– Қазіргі таңда коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамту бойынша аймақта он теміржол тұйығы жұмыс істеп тұр. Әр тәулік сайын облыс көлеміндегі әрбір теміржол тұйығына орта есеппен алғанда 30 вагон немесе 2 мың тонна көмір жеткізіледі. Бір ғана Семей қаласының өзінде 8,6 мың тонна көмір бар, вагон тапшылығы жоқ. Қаражыра көмір кенішінде тосын жайттар орын алмаса, көмір жеткізуде де кідіріс болмайды. Дегелең станциясы бойынша негізгі күш көмір тиеуге жұмылдырылуда. Тораптық станцияларда да көмір тиелген керуендер легінде кідіріс жоқ, іркіліссіз жіберілуде. Қазіргі таңда бөлімше бойынша қатты отын тасымалы штаттық режимде жүргізілуде, – дейді бұл орайда бөлімшенің логистика және жүк тасымалы бөлімінің аға инженері Айтолқын Мұхамедиярова.  

Бұл ретте бірінші класты Дегелең станциясындағы техникалық процестерге баса назар аударылуда. Сол тәрізді вагондарды жинап алу мен сұрыптау ісінде елеулі түрде басымдық берілетін Жаңа-Семей жүк станциясындағы жұмыстар да бөлімше басшысының назарына алынған. Жалпы, Қаражыра кенішінен бастап, теміржол бойындағы көмір тасымалдау ісі республикалық комиссияның жіті қадағалауында.  

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды