Теміржолшылар биылғы көмір тасымалына қамданып жатыр

Жүк тасымалы
16.06.2023, 10:50
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар алдағы қысқы маусымға даярлық шаралары аясында көмір тасымалын ұйымдастыру ісін бастап кетті. Бұл орайда бөлімше басшысы Владимир Бабиченконың тікелей бұйрығымен арнайы жедел штаб құрылды.

Штаб мүшелерінің арасында бөлімше басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Әміренов және Дегелең, Жаңа-Семей, Жаңғызтөбе, Аягөз, Риддер және Жаңа-Өскемен, т.б. станциялардың басшылары бар. Жедел штаб өз жұмысын қазіргі күннің өзінде шұғыл түрде бастап кетті. Олар жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп тұрғындар үшін жеңілдікпен берілетін көмір алатын кірме жолдардың аудитін жүргізуде.  

Жалпы, жазғы мезгілде ерте басталатын қатты отын тасымалына ұлттық компания үлкен даярлықпен кіріспек. Мәселен, өткен жылы ҚТЖ бойынша 22 мың жартылай вагонның 19 мыңы көмір тиеуге берілген болатын. Ал ағымдағы жылы қыркүйек айының басында жартылай вагондардың саны 25 мың болмақ. Оның шамамен 20-21 мыңы қатты отын тасымалдауға жұмылдырылатын болады. Бұл 10 пайызға көп.  

Дегенмен биылғы жылы жедел штаб мүшелерінің алдындағы жауапкершілік біршама жоғары болып тұр. Осы ретте алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстардың жоспары жасалынып, егжей-тегжейлі міндеттер қатары нақтыланды. Атап айтсақ, барлық станциялардың басшылары бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөліміне әр тәулік сайын көмір тұйықтарындағы, жылу қазандықтарындағы көмір қоры жайында таблица түріндегі есеп өткізіп отыруы керек. Сонымен қатар олар әрбір селекторлық кеңес барысында көмір тиеудегі қиындықтар мен босаған вагондарды жинап алудағы проблемалар жайында баяндап отырулары қажет. Бұл орайда бірінші класты Дегелең станциясының бастығы Талғат Башировке жүктелер міндет жоғары болмақ.  

Десек те, міндеттемелердің ең маңыздысы логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің мамандарына жүк жіберуші «ВостокУгольПром» ЖШС-нің қызметкерлерімен тығыз жұмыс істеу қажеттігі болып отыр. Оларға биылғы жылыту маусымында арнайы ұйымдастырылған маршруттар бойынша қатты отын жөнелту көлемін арттыру, «Қазтеміртранс» АҚ вагондарының айналымын біртіндеп жоғарылату сынды тың міндеттер жүктелді. Бұл орайда бастапқы және соңғы операциялар бойынша арнайы жұмыс жоспары құрылмақ.  

Қорыта айтқанда, жедел штаб жүргізетін жұмыстың басты мақсаты алдағы 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымында көмір тиеу мен түсіру жұмысын тұрғындар үшін, бюджеттік мекемелер үшін және жылумен қамтушы мекемелердің нормативті көмір қорының болуы үшін кедергісіз жүргізу болмақ. Сондай-ақ Семей және Өскемен өңірі теміржолшылары бұрынғыдай бөлек емес, осы жолы бірлесіп жұмыс жүргізетін болады.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды