ҚТЖ желісімен биыл 5,2 млн тоннадан астам астық тасымалдады

Жүк тасымалы
18.09.2024, 09:42
Оқуға 2 мин

2024 жылдың 8 айында теміржолшылар 5,2 млн тоннадан астам астық тасымалдады. Ел ішінде астық тасымалы 1,2 млн тонна болса, бұл 2023 жылғы деңгейге қарағанда 4% жоғары. Экспортқа - 4 млн тонна, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржол арқылы ұнтақ өнімдерін жеткізу көлемі 17,4%, яғни 2,3 млн тоннаға дейін өсуі байқалды. Экспортқа 1,8 млн тонна жөнелтілді, бұл көрсеткіш 2023 жылғы деңгейден 20% асып түсті.  

Қазақстандық дәнді дақылдар экспортының басым үлесі Орталық Азия елдеріне тиесілі – 2,5 млн тонна. Осы жылдың 8 айында қытайлық жүк алушыларға 1,2 млн тонна астық жөнелтілді. ҚХР-ға ұнтақ өнімдерін тасымалдау 70% өсіп, шамамен 500 мың тоннаны құрады.

Биылғы астықты тасымалдауды ұйымдастыру мәселелерін ҚТЖ-ның жедел астық штабы тәулік сайын бақылайды. Ақмола, Қостанай жол бөлімшелері жанынан жедел астық топтарының тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды.

Теміржолды алдағы егінге дайындау аясында ҚТЖ мемлекеттік органдармен және тасымалдау процесіне қатысушылармен бірқатар кеңестер мен кездесулер өткізді.  

Қазақстанда 15,4 мыңнан астам жабық вагон және 12 мыңға жуық астық тасымалдаушы бар. Паркті ұтымды пайдалану арқылы астықты ел ішінде және одан тыс жерлерде тасымалдауды ұйымдастыру жеткілікті.

Астық жүктерінің қозғалу жылдамдығын арттыру үшін ҚТЖ Орталық Азия елдеріне маршруттық пойыздарды (астық және ұн шаттлдарын) дамытуда. Бұл вагон айналымын жеделдетуге, техникалық станцияларда вагондарды қайта өңдеу көлемін азайтуға, жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.  

Үкімет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Азық-түлік корпорациясымен және "ҚТЖ" ҰК" АҚ-мен бірлесіп 2024-2025 жылдардағы астық науқанының тұрақты өтуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті