Алдағы уақытта Қытайдан қатынайтын контейнерлік пойыздар легі артады

Жүк тасымалы
22.01.2025, 10:02
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Қытай тарапымен контейнерлік пойыздар санын жылына 2 мың пойызға дейін ұлғайту келісімі жасалды. Бұл туралы Көлік министрлігі көлік саясаты департаменті директорының орынбасары Сәтжан Өзбеков «Егемен Қазақстан» газеті ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған жиын барысында Көлік министрлігінің өкілдері мен депуттар көлік саласын дамыту, инфрақұрылымды жаңарту және еліміздің транзиттік әлеуетін көтеру тұрғысында атқарылып жатқан шаруалар жайлы баяндады.  

Былтыр темір жол көлігімен рекорттық жүк тасымалданып, 33 млн тоннадан асқан. Оған қоса транзиттік жүк ағыны да өскен, соңғы 10 жылда ол екі есеге артқан.  

Жиында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша темір жол саласын хабқа айналдыру мәселесі тұрғаны айтылды. Негізгі мәселе  – инфрақұрылымның жетіспеушілігі екен.  Мәселен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на тиесілі 16 мың шақырым темір жолдың 11 мың шақырымын күрделі жөндеуден өткізу кезекте тұр. Екі жылда 2800 км жол күрделі жөндеуден өткен,  қалғаны алдағы 5 жылда жасалып бітуі керек.

Сәтжан Өзбековтың айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы өтетін 13 халықаралық көлік дәлізі бар, оның бесеуі темір жол, қалғандары автомобиль жолдары. 2024 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық дәліздер арқылы 34,1 млн тонна жүк тасымалданған, оның 27,4 млн тоннасы темір жол көлігіне тиесілі.  

«2022 жылдан бері Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға үлкен мән беріліп отыр. Жыл сайын бұл дәлізбен тасымалданатын жүк көлемі артып келеді. 2024 жылы жүк тасымалы алдыңғы жылға қарағанда 66%-ға артып, 4,5 млн тоннаға жетті. Тасымалданатын жүк көлемін әліде арттыруға мүмкіндігіміз бар, ол үшін дәліз бойында инфрақұрылымды дамыту жұмысы жүргізіліп жатыр. Көлік тасымалының дамуына әсер ететін басты шарт – тиісті инфрақұрылымның болуы. Оған өткізу пунктінің мүмкіндіктері де әсер етеді»,  -деді ол.  

Сонымен қатар ол өткен жылы Қытай тарапымен Транскаспий орталық дәлізін дамыту бойынша келісім жасалғанын, соның аясында жұмыс тобы құрылғанын айтты.

«2024 жылдың қыркүйегінде сол жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Нәтижесінде Қытай тарапымен контейнерлік пойыздардың санын жылына 2 мың пойызға дейін ұлғайту келісімі жасалды. Сондықтан алдағы уақытта қытайлық контейнер пойыздар легі өседі. Ал, 2024 жылы қытайлық контейнер пойыздардың саны 28 есеге өсті», - деді С. Өзбеков.  

Жиын барысында қазір темір жол саласында 4 ірі жоба іске асырылып жатқаны айтылды. Ол Достық-Мойынты, Алматы станциясының айналма жолы, Дарбаза-Мақтаарал және Бақты-Аягөз жолдарының құрылысы. ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов жаңадан салынып жатқан Достық-Мойынты екінші темір жол желісі биыл іске қосылатынын айтты.

«Осы бір айдың ішінде осы жолдың белгіленген бір бөлігі, яғни Мойынты-Балқаш участогы іске қосылады. Наурызда Бескөл-Достық бөлігі беріледі.  Жалпы 836 шақырымды желі жылдың соңына дейін іске қосылады. Бұл Қытай мен Қазақстан арасындағы өтімділікті 5 есеге арттырады. Бүгінде Қытаймен арадағы өтімділік 28 млн тоннадан аспай тұр. Егер Достық, Алтынкөл және үшінші темір жол өтпесін іске қосқанда жүк алмасу 76 млн тоннаға дейін жетер еді», - деді Н. Келбұғанов.  

Сонымен қатар ол сыртқы 27 темір жол түйіспе барын және олардың қуаттылығын арттыру мәселесі тұрғанын жеткізді. Мәселен, Ресеймен 15 түйіспе бар болса соның 9-да ғана темір жол қатынасы толықтай жұмыс істеп тұр екен. Онда да жүк тасымалын өткізу көлемін арттыру жұмыстары басталып кеткен.  

Оған қоса локомотивтердің санын арттырып, тозғандарын жаңарту жұмыстары жүріп жатқанына тоқталды.  

«2023 жылы 113 локомотив, былтыр 185 локомотив сатып алынды. Биыл алға қойып отырған жоспар – 200 локомотив. Оның барлығын ҚТЖ өз ақшасына сатып алып отыр», - деді Нұржан Келбұғанов.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті