Еліміз 12 млн тоннадан астам астық пен ұн экспорттады

Жүк тасымалы
06.08.2025, 10:53
Оқуға 2 мин

Жаңа өнімнің астығы мен ұнының экспорты оң динамика көрсетуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«ҚТЖ» деректері бойынша (2024-2025 жылдардың қыркүйек–шілде айлары) астық пен ұнның астық эквивалентіндегі экспорты 12,4 млн тоннаны құрады, бұл 2023/2024 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 34%-ға жоғары (9,3 млн тонна).

Жаңа өнімнің астық және ұн жеткізілімі айтарлықтай өсті: Өзбекстанға – 28,2%-ға (3 384 мың тоннадан 4 338 мың тоннаға дейін), Тәжікстанға – 39,2%-ға (1 039 мың тоннадан 1 446 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға – 2,5 есеге (156 мың тоннадан 398 мың тоннаға дейін), Иранға – 17,3 есеге (56 мың тоннадан 974 мың тоннаға дейін), Әзербайжанға – 120 есеге (6 мың тоннадан 723 мың тоннаға дейін).

2024-2025 жылдардағы маусымның негізгі жетістігі – экспорт географиясының кеңеюі және жаңа нарықтарға шығу.

Қазақстан алғаш рет бұрын астық импорттаушылар тізімінде болмаған бірқатар еуропалық елдерге: Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия және Ұлыбританияға жеткізілімдерді бастады. Қазақстандық өнімге БАӘ, Вьетнам және Солтүстік Африка елдерінің сатып алушылары да белсенді қызығушылық танытуда. Тек «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ ұлттық астық операторы желісі бойынша Солтүстік Африкаға (Марокко) және Вьетнамға тиісінше шамамен 60 мың тонна және 15 мың тонна бидай экспортталды.

Бұдан бөлек, қазақстандық астық жөнелтушілер соңғы бес жылда тоқтап қалған Әзербайжан, Грузия және Түркияға жеткізілімдерді қайта жаңғыртты. Италияға қатты бидай экспорты едәуір артты.

Осылайша, экспорт көлемінің өсуі қазақстандық астықтың әлемдік нарықтағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін, АӨК өнімдерінің сыртқы саудасын кеңейту және логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша қабылданып жатқан мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін растайды.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды