Қазақстаннан Қытайға өсімдік майының пилоттық партиясы жеткізілді

Жүк тасымалы
18.09.2025, 12:44
Оқуға 1 мин

2025 жылдың 2 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысынан флекстанк орнатылған 40 футтық контейнерлерде қазақстандық өсімдік майының пилоттық партиясы жөнелтілді. Жүк 4700 шақырым жолды 12 күнде еңсеріп, Цзянсу провинциясына жетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл жеткізілім логистиканың тиімділігін және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Қытайға тұрақты тасымалдарға дайындығын растады.

Жоба стратегиялық сипатқа ие: ол қытай нарығын игеруге және контейнерлік тасымалдарды дамытуға бағытталған, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің алға қойған міндеттеріне сәйкес келеді.

Пилоттық жеткізілімнің жүзеге асуы отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

10–11 қыркүйекте Қорғас станциясында өткен келіссөздер барысында «Үрімші темір жолы» өкілдерімен тараптар жобаны кеңейтіп, майды 20 және 40 футтық контейнерлерде жүктеу талаптарын қатаң сақтай отырып, тұрақты жеткізілім ұйымдастыруға ниетті екенін растады.

Осылайша, жоба ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен Қазақстанның экспорттық әлеуетін одан әрі арттыруға мықты негіз қалайды.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды