Еліміздің темір жолымен 28 млн тоннадан астам көмір тасымалданды

ҚТЖ бүкіл ел бойынша жылу электр орталықтарында (ЖЭО) және коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін көмір тасымалдаудың күнделікті мониторингін жүргізеді. Жылыту кезеңінің басынан бастап (2025 жылғы мамыр – қыркүйек) еліміздің темір жолымен 28,4 млн тоннадан астам көмір тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 млн тоннаға (5%) артық. ЖЭО-ға 26,1 млн тонна (+7% немесе +1,7 млн тонна), коммуналдық — тұрмыстық сектор үшін-2,3 млн тоннадан астам жеткізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Энергетикалық кәсіпорындар қоймаларындағы көмір қоры нормативтік көрсеткіштен асып қалыптасты және 5,2 млн тоннаны құрайды (2024 жылғы деңгейге+3%).

Көмір тасымалдауға «Қазтеміртранс» АҚ-ның 18 мыңнан астам жартылай вагоны жұмылдырылды (операцияда барлығы 29 мыңнан астам жылжымалы құрам бірлігі). Ең жоғары кезеңдерде пайдаланылатын вагондар саны 20 мыңға жетеді.

ҚТЖ көмірді жеткізудің біркелкілігі жылыту маусымының тұрақты өтуінің негізгі факторы болып табылатынын атап өтті.

Ең жоғары кезеңдерде жөнелту көлемінің ктабыартуы көлік инфрақұрылымына қосымша жүктеме тудырады. Біркелкі  тасымалдауды қолдау үшін көмір кәсіпорындары мен өңірлік операторлардан алдын-ала өтініш беру қажет. Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктеріне көмір компанияларымен жұмысты үйлестіруді күшейту және температураның төмендеуін күтпей, тұрғындардың отынды ерте сатып алуын қамтамасыз ету ұсынылды.

Көмір тасымалы ҚТЖ басшылығының ерекше бақылауында. Компания еліміздің барлық өңірлеріне энергетикалық отынның біркелкі және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды жалғастыруда.

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты