25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан астығы Әзербайжан арқылы алғаш рет Арменияға жөнелтілді

Жүк тасымалы
06.11.2025, 12:58
Фото: 1news.az

Астық тиелген Қазақстан пойыздары Әзербайжан арқылы алғаш рет Арменияға жөнелтіле бастады, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты 1news.az сілтеме жасап.

21 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Ильхам Әлиев Әзербайжан Арменияға оккупация кезінен бері қолданылып келген жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастағанын мәлімдеген болатын.

«Қазір жүктер Әзербайжан арқылы транзитпен Арменияға жөнелтіліп жатыр. Кеше жалпы салмағы 1048 тонна 800 килограмм болатын 15 вагон астық Ресейден Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға жіберілді. Олар Беюк-Кясик станциясынан шықты, жүктер алдымен Грузияға, содан соң Арменияға жеткізіледі», – деді «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ коммуникациялар департаментінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Бахтияр Гаджиев.

Б. Гаджиевтің айтуынша, сондай-ақ Қазақстаннан Арменияға Әзербайжан арқылы астық тасымалдау да басталған.

Қазақстаннан келген жалпы салмағы шамамен 1000 тонна болатын 15 вагон астық 5 қарашада Әзербайжанға жеткен. Құрам қазір Баладжары станциясында тұр, әрі қарай Баладжары – Гаджигабул – Беюк-Кясик бағыты бойынша жол тартып, жүктер Беюк-Кясик станциясынан жөнелтіледі.

Алдағы уақытта Арменияға Әзербайжан арқылы Ресей мен Қазақстаннан тағы да жүк партиялары жіберіледі деп күтілуде.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде