ҚТЖ желісі бойынша жүк тасымалдау 287,8 млн тоннаға жетті

Жүк тасымалы
02.12.2025, 11:02
Оқуға 2 мин

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жүк тасымалдау көлемі 287,8 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 11,5 млн тоннаға (+4%) артық, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар өткен жылмен салыстырғанда 4,9 млн тоннаға (+6%) ұлғайып, 80,2 млн тоннаға дейін өсті. 

Көмір тасымалы 8% артып, 31,2 млн тоннаға жетті. Өсім Ресейге, Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдеріне қатты отын жеткізуді ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. 

Астық тасымалдау көлемі 9,7 млн тоннаны (+2,6 млн тонна, +36%) құрады. 

Орталық Азия елдеріне 5,6 млн тонна (+32%) жөнелтілді, оның ішінде

Өзбекстан – 4,0 млн тонна (+31%), 

Тәжікстан – 1,3 млн тонна (+19%), 

Қырғызстан – 300 мың тонна (үш есе өсім). 

Иран бағытында 800 мың тонна астық тасымалданды (өсім екі есе). 

Ресей аумағы арқылы транзиттік тасымалдар 2,2 млн тоннаға дейін өсті (өсім 3,2 есе), оның ішінде: 

Қара теңіз порттары арқылы – 350 мың тонна (+51%), 

Балтық порттары арқылы – 161 мың тонна (+96%), 

Балтық жағалауы елдері мен порттарына – 724 мың тонна, бұл сегіз есе өсуді көрсетеді. 

4,2 млн тонна астық және құрама жем өңдеу өнімдері жөнелтілді (+1,5 млн тонна, +57%). Айтарлықтай өсім Қытайға құрама жем жеткізуді ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді: көлемі 2,9 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылғы деңгейден төрт есе дерлік артық.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымалдардың тиімділігін арттыра Қазақстан аумағы бойынша және экспорттық қатынаста жүк ағынының тұрақты өсуін қамтамасыз ете отырып, логистиканы дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды