Болат жолдың болашағы

Жүк тасымалы
23.02.2026, 08:55

Биылдың өзінде бірнеше ірі жоба қолға алынып, жыл соңына дейін қолданысқа берілуі тиіс. Олардың кейбірі күрделі жөндеуден өтсе, біразы жаңғыртылмақ, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап. 

Осылайша 2030 жылға дейін еліміз арқылы өтетін транзит көлемін бірнеше есе ұлғайту көзделген. Жоспарды орындауға еліміздің қауқары жете ме? Шекара арқылы ағылған тауар көлемін қадағалай аламыз ба? Бұл қандай жобалар? 

Биыл «Мойынты-Қызылжар», «Дарбаза-Мақтаарал», «Алтынкөл-Жетіген» және «Бейнеу-Маңғыстау» бағыттарындағы құрылыс пен жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Аталған жобалар 2024–2025 жылдары басталған. Қазір негізгі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Министрлік жобалар уақытылы қолданысқа беріледі деп мәлімдеді. Себебі мұнда халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты тартылған.     

«Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы жобаларды жүзеге асыру мақсатында халықаралық банктерден қарыз алады. Оған мемлекет кепілдік береді. Бұл жобаларды уақытында және сапалы аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл жобалар кілт тапсыру қағидатымен жүзеге асырылып отыр», - дейді  ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің бас сарапшысы Темірхан Мұсағалиев.

Бұл жобалар жүк жеткізу уақытын қысқартып, темір жолдың өткізу қабілетін арттырмақ. Сонымен қатар, ашықтықты қамтамасыз ету үшін цифрландыру бағытындағы жобалар да қолға алынған. 

«Жоспарлау мен жүк тасымалын автоматтандыру үшін заманауи IT шешімдер қолданып жатырмыз. Болашақта бұл барлық ақпараттық жүйелерді біріктіріп, ортақ экожүйе қалыптастырады. Жыл соңына дейін теміржол желісі операторының жүк вагондарын беру процесін толық автоматтандыру жоспарланған, - дейді "Қазтеміртранс" АҚ Ақпараттық жүйелер және технологиялар департаментінің директоры Серік Мұратбекұлы. 

Соңғы жылдары транскаспий бағытының маңызы артып, батысқа тасымалданатын жүк еліміз арқылы көптеп өте бастады. Бұл елдегі инфрақұрылымға салмақ салып, қиындық туындатқан кездер де болған. Сондықтан сарапшылар мәселені жан-жақты қарастыру керегін айтады. 

«Транзит көлемін межесіз арттыра беру де қауіпті. Себебі алдымен оған инфрақұрылым дайын болуы керек. Модернизациядан өтуі тиіс. Елдегі теміржол вагондарының басым бөлігі ескі. Жалпы көлік парктері жаңарту маңызды. Өйткені әлемде мультимодалды тасымал жүйесі дамып келеді. Яғни жолдың бір бөлігін пойызбен, қалған бөлігін автокөлікпен немесе пароммен басып өтеді. Сондықтан көліктің барлық түрін дамыту керек», - дейді экономист Бекнұр Қисықов. 

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті