Қазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымал 5 жылда 8,3 млн тоннаға дейін өскен

Жүк тасымалы
10.03.2026, 09:45
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы контейнерлік тасымал көлемі соңғы 5 жылда 5 еседен астам 1,6-дан 8,3 млн тоннаға дейін артты. Сонымен бірге, Қазақстанда жүк ағындарының контейнерлену деңгейінің екі есеге жуық өскені тіркелді. Мұндай мәліметтер Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) хабарламасында келтірілген, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Қазақстан: соңғы 5 жылда контейнерленудің екі есеге жуық өсуі. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша контейнерлік тасымалдар үш есе өсіп, 2025 жылы 76,9 мың ЖФЭ-ге (ДФЭ) жетті. Қазақстан-Ресей шекара өткелдері арқылы контейнерлердегі жүк тасымалдау көлемі 1,6-дан 8,3 млн тоннаға дейін өсті», - делінген банк шолуында.

ЕАДБ сарапшыларының бағалауынша, өңірдегі жүк ағындары әрі қарай да өсе береді. Мамандар «Орталық Азиядағы контейнерлік тасымал көлемінің алдағы өсімі көп жағдайда Қытаймен байланысты» екенін баса айтады.

«Қазақстанда контейнерлік тасымалдың тұрақты өсуі ТХКБ қуаттылығын арттырудың, теміржол учаскелерін жаңғыртудың және Бақты- Шәуешек жаңа шекара өткелі арқылы Қытайға шығатын үшінші теміржол жолын салудың нәтижесі болмақ», - делінген хабарламада.

Еуразиялық даму банкі экономикалық байланыстарды нығайту және қатысушы елдердің дамуына жәрдемдесу мақсатында Еуразияда инвестициялық жобаларды іске асыратын халықаралық қаржы ұйымы. Қазіргі уақытта ЕАДБ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді, ал 2025 жылы банкке Өзбекстан да қосылды.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады