Қазақстан астық пен ұн экспортын жаңа бағытқа бұрмақ

Жүк тасымалы
18.05.2026, 14:48

Қазақстанның астық өңдеушілер одағы ұн мен астық экспортын Түрікменстан арқылы тасымалдауды күшейтіп, Болашақ стансасында логистикалық кешен салуды ұсынды. Бұл туралы Қазақстан жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Одақтың мәліметінше, қазір Қазақстан өнімдерінің, оның ішінде астық пен ұнның негізгі бөлігі Ауғанстан бағытына Өзбекстан арқылы жеткізіледі. Алайда бұл бағыттағы транзит құны бір тоннаға шамамен 55 долларды құрайды. Ал Түрікменстан арқылы тасымалдау құны шамамен 47 доллар.

Сала өкілдерінің есебінше, осының арқасында әр тоннадан 8 долларға дейін үнемдеуге болады. Егер жылдық тасымал көлемі 1–2 млн тонна болса, жалпы үнем 8–16 млн долларға жетуі мүмкін.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Түрікменстан бағыты шектеулі деңгейде қолданылып отыр. Бұған Болашақ стансасындағы логистикалық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі мен шекаралас аумақтардың техникалық мүмкіндіктерінің әлсіздігі себеп екені айтылды.

Осыған байланысты астық өңдеушілер одағы Болашақ стансасында заманауи көпфункционалды логистикалық-ауысу кешенін құруды ұсынып отыр. Жоба аясында ұн мен қайта өңделген өнімдерді тиеу инфрақұрылымы, сұйық жүк терминалдары, контейнер алаңдары, уақытша сақтау қоймалары және кедендік-цифрлық жүйелер салу жоспарланған.

Сондай-ақ құжатта Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Иран бағытын дамыту экспорт географиясын кеңейтіп, жекелеген транзиттік елдерге тәуелділікті азайтатыны атап өтілген.

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды