Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті

Жүк тасымалы
24.06.2026, 10:01
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның кездесуінде екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі нәтижелері мен алдағы жоспарлары пысықталды деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кездесу барысында белгілі болғандай, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен тасымалданған жүк көлемі 35,6 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 3,5 млн тоннаға немесе 11%-ға артық.

Екіжақты ынтымақтастықтың басты экономикалық көрсеткіштерінің бірі өзара тауар айналымының 48 миллиард доллардан асуы екені аталды. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) саудасы 1,9 миллиард долларға жеткен. Ал, тікелей инвестициялар көлемі 2,8 миллиард доллар болған.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов соңғы жеті жылда Қазақстан тарапы көлік-транзит инфрақұрылымын дамытуға 35 миллиард доллардан астам қаржы бағыттағанын атап өтті. Бұл инвестициялар еліміздің құрлықтық логистикадағы көшбасшылық орнын нығайтуға мүмкіндік берді. Бүгінде Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк ағынының 85%-дан астамы дәл Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Айта кетерлігі, соңғы 10 жылда екі ел арасындағы контейнерлік тасымал көлемі 5 есе өсіп, 1,4 млн TEU-ға жеткен.

Екі ел арасындағы стратегиялық маңызы бар негізгі жобаның бірі «Достық — Мойынты» теміржол желісінің екінші жолдары. 2025 жылдың қыркүйек айында іске қосылған бұл желі жүк тасымалының өткізу қабілетін бірден 5 есеге, тәулігіне 12 жұп пойыздан 60 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Оған қоса 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қытайдың Сиань портында отандық логистикалық терминал табысты жұмыс істеп тұр. Ол жүктерді жеткізу мерзімін айтарлықтай қысқартып, Қазақстанның аймақтағы басты транзиттік хаб ретіндегі позициясын бекіте түсті.

Қазіргі уақытта «Ақтау порты» арнайы экономикалық аймағында заманауи хабтың құрылысы жүріп жатыр. Жоба іске қосылғанда жылына 70 мың TEU-ға дейін контейнер өңдей алады деп күтілуде. Бұл нысан Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Еуропа, Кавказ және Түркия бағыттарына жүк жеткізуді жылдамдатып қана қоймай, тасымал құнын да арзандатады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы мұндай ауқымды инфрақұрылымдық және сауда серіктестігі еліміздің жаһандық жеткізу тізбегіндегі маңызын арттырып, Еуразия құрлығындағы негізгі логистикалық көпірге айналу стратегиясын табысты жүзеге асыруға жол ашуда.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады