Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды

Жүк тасымалы
24.08.2026, 09:58
Оқуға 2 мин

2026 жылғы қаңтар-шілде қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісінде жүк тасымалдау көлемі 184,4 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% өскенін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Есепті кезеңде республикаішілік тасымалдар 97,2 млн тоннаға жетті, ал экспорттық жөнелтімдер көлемі 6,5%-ке артып, 53,4 млн тоннаны құрады. 

Жүк ағынының құрылымында көмір маңызды орын алды, бүкіл желі бойынша оның жалпы тасымалы 3,5%-ке, яғни 60,4 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте қазақстандық тұтынушыларға 40,9 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл өткен жылғы деңгейден 3%-ке артық, ал экспортқа 3,1% өсім көрсеткішімен 18,8 млн тонна бағытталды. 

Аграрлық сектор жоғары оң динамиканы көрсетті: ағымдағы жылдың жеті айында 8,1 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы нәтижеден 10%-ке артық. Астықты экспорттық жеткізу 10,4%-ке өсіп, 6,3 млн тоннаға жетті, ал республика ішінде 8,6% өсіммен 1,8 млн тонна астық тасымалданды. 

Қосымша ұнтақ өнімдерін экспорттық тасымалдау көлемі 14%-ке ұлғайып, 1,3 млн тоннаны құрады. Өнеркәсіптік шикізат пен құрылыс секторы сегментінде түсті кенді тасымалдау 12,5 млн тонна, ал құрылыс материалдары 11,3 млн тонна белгісінде тіркелді. Көлемі 13,8 млн тоннаға жеткен темір кенін тасымалдауда айтарлықтай өсім байқалды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 2 млн тоннаға немесе 16,6%-ке артық. 

Құймалы жүктер бойынша да оң нәтижелер тіркелді: мұнай өнімдерін тасымалдау көлемі 1,5%-ке, яғни 15,2 млн тоннаға дейін, ал шикі мұнай 3%-ке, яғни 1,2 млн тоннаға дейін өсті. Жүктердің өзге де номенклатураларын тасымалдау 36,9 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ке өскенін көрсетті. ҚТЖ негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуі елдің экономикалық және экспорттық әлеуетінің нығаюын көрсетеді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды