Маңғыстаулық теміржолшылар сандық технологияны меңгеріп жатыр

Цифрландыру
06.02.2024, 10:59
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол саласын цифрландыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Маңғыстау локомотив депосының резерв бастығы Күләш Байжаунова озық өндірістік нәтижеге қол жеткізудің алғышарты болып отырған сандық технологияны меңгеру ешқашан кеш емес екенін айтады.

Өткен жылдың соңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша III республикалық «Автоматтандырылған басқару жүйесін және ақпарат жүйесінің қызметі» тақырыбында ұйымдастырылған семинар-тренингке Маңғыстау командасы атынан қатысып, жетістікке жеткен депоның екі бірдей қызметкері болды. Олар – Маңғыстау локомотив депосының жедел техникалық есептеу бөлімі бастығы Бақтыгүл Қойшыбайқызымен локомотив бригадаларының резерв бастығы Күләш Байжаунова. Екі ханым да Астанада өткен семинар-тренингте түбек командасының жүлделі орыннан көрінуіне үлестерін қосып, сонымен қатар алқалы жиыннан көп нәрсе үйреніп, олжалы оралғандарын айтады.  

– Менің міндетім – локомотив бригадасын жұмысқа шақырып, олардың сағатын, демалысын реттеп отыру. Жұмысымыз автоматты жүйенің арқасында жеңілдеді. Бұрын машинистердің сағатын қолмен жазып, журнал толтыратынбыз. Қазір ол артық жұмыстан арылдық, бәрін дайын бағдарламаға енгіземіз. Наряд жазушы да машинистің жұмысқа барып келгенін, сағатын, қандай тепловозбен барды, қандай пойызбен жүрді, жолда не болды – бәрін қолмен жазатын. Енді машинист жолға бара жатқанда оған тасымалдаушы НПМ жад модулі (носитель модуль памяти) беріледі. Жол сапары соған автоматты түрде жазылады. Біз оны бақылап отырамыз. Біздің жұмысымыз осылай автоматтандырылған. Бірақ машинистер бағдарламасы әлі іске қосылмағандықтан қағаз толтыруларына тура келеді. Болашақта олар да автоматтандыру жүйесінің игілігін көреді деп ойлаймын. Астанада өткен семинардан біраз пайдалы мағлұматтар алдым. Жалпы оқысам, үйренсем, меңгерсем деген адамға қанша жаста да кеш емес, – дейді еңбек жолын 1990 жылы жүк қабылдап-тапсырушы болып бастаған Күләш Байжаунова.  

Бақтыгул Қойшыбайқызының да еңбек өтілі отыз жылға таяпты. 28 жылдың 25 жылында жедел техникалық есептеу орталығында оператор болыпты. Сондықтан оған депоның барлық сандық көрсеткішерін сарапқа салып, жедел ақпарат беру «көзді жұмып» атқаратын үйреншікті шаруаға айналған. Депоның барлық көрсеткіштері осы орталықтан сарапталып, тиісті орындарға жіберілетіндіктен, мұндай жауапты орталықты басқарып отырған Бақтыгүл Қойшыбайқызының еңбегі ерекше. Жуырда депо басшылығы мен кәсіподақ ұйымы ұжымда автоматтандыру жүйесінің таралуына ықпал етіп жүрген қос қызметкерді Алғыс хатпен марапаттады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды