Қозғалыс кестесін жүргізу автоматтандырылады

Цифрландыру
15.02.2024, 10:28
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ пойыздар қозғалысы кестесін жүргізудің автоматтандырылған нұсқасын енгізуде. Тасымалды басқарудың Солтүстік өңірлік орталығы бойынша Қырқыншы-Ерейментау және Қырқыншы-Қарағанды-Сұрыптау екі диспетчерлік телімінің станцияларында алғаш рет сондай автоматтандырылған нұсқа енгізілді.  

Жоба 9 ай бойына жүзеге асырылады. Енді пойыз диспетчерлеріне қағазға қолмен кесте ресімдеудің, станция кезекшілеріне ДУ-2 станциялық журналын және кестенің тәуліктік жоспарын толтырудың қажеті жоқ. Пойыздар қозғалысы кестесін жүргізудің автоматтандырылған нұсқасын пайдалану ақпараттың жеделділігі мен дәйектілігін арттыруға, қағазсыз технологияны енгізуге, қозғалыс кестесін қолмен жасаудан бас тартуға мүмкіндік береді.  

Аталған жоба екі кезеңде жүзеге асырылды. Біріншісінде сынақ Қырқыншы-Ерейментау телімінде өтті. Жұмыстың жаңа форматында алғаш жұмыс істегендер – Қырқыншы, Сарыоба, Еркіншілік, Едіге, Ерейментау станциялары бойынша кезекшілер болды. Екінші кезең пойыздар қозғалысы тығыз, күрделі телімдердің бірі – Қырқыншы-Қарағанды-Сұрыптау телімінде өтті. Бұл ретте №42 қосыны, Бабатай, Аршалы, Анар, Сарыбел, Ақтасты, Шоқай, Мырза, Нұра, Көкпекті және Қарағанды-Сұрыптау станцияларының кезекшілері мен пойыз диспетчерлері өздерінің жоғары кәсібиліктерін көрсетті. Автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмыстары Қарағанды жол бөлімшесінің 7 станциясында жүргізілді. Пойыз диспетчерлерінің жұмыс орындары қосымша оргтехникамен жабдықталып, 85 маманға оқыту вебинарлары өткізілді.  

Қазіргі таңда жоба Қарағанды-Сұрыптау-Құлайғыр диспетчерлік телімінде жүзеге асырылуда және оны Құлайғыр-Мойынты телімінде енгізу бойынша дайындық жұмыстары жасалуда.  

 – Осы жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін тағы 6 диспетчерлік телімде осы жобаны енгізу көзделуде. Осылайша Солтүстік өңірлік орталықтың барлық жол бөлімшелері қамтылады. Ал екінші жартыжылдықта эстафетаны тасымалды басқару бойынша Оңтүстік және Батыс өңірлік орталықтарының диспетчерлік телімдері қабылдап алады. Бұл жұмыстар диспетчерлік аппараттың күрделі жұмыс бөлігін жою арқылы тасымал процесін басқару деңгейін арттыруға бағытталған, – дейді Қырқыншы-Қарағанды-Сұрыптау диспетчерлік телімінің Солтүстік өңірлік пойыздар қозғалысын басқару Өңірлік орталығының пойыз диспетчері Ақтайлақ Бұйрабеков.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті