Тараз қаласында темір жол үстінен өтетін көпір құрылысы жүріп жатыр

Инфрақұрылым
20.01.2026, 09:05
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қаланың Жібек жолы мен Әулиеата аудандарының арасын жалғайтын көпір 2027 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Қазір құрылыс алаңында көпірдің тірек қабырғалары салынып, инженерлік желілердің орны ауыстырылуда. Ұзындығы 945 метр болатын 4 жолақты көпірмен қатар, жаңа жаяу жүргіншілер өткелі де салынбақ.  

– Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 16,9 миллиард теңге қарастырылған. Ал көпір құрылысына қажетті жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтаруға 1,8 миллиард теңге бөлінді. Тек құрылыс-монтаж жұмыстарына 1 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Жоспар бойынша 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау көзделген. Бірақ мердігер компанияның басшысы нысанның қазығы қағылған кезде, өткелді 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға береміз деп уәде еткен. Бүгінгі таңда құрылыс бекітілген кестеге сай жүріп жатыр, – дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.  

Ал аспалы өткелдің құрылысы биыл аяқталады. Тапсырыс беруші тараптың айтуынша, жаяу жүргіншілер көпірінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы лифт орнатылмақшы. Жалпы мұндай аспалы көпір Тараз вокзалы маңында да бар. Ал темір жол үсті өткелі Абай даңғылының бойында салынып жатыр. Бұл вокзалға жақын аумақта. Тұрғындар қаланың «Элеватор» аталып кеткен аймағына да аспалы көпір салынса дейді.  

Осы маңда тұратын темір жолдың арғы және бергі бетіндегі халық тыйым салынғанына қарамастан, Тараз станциясының қызметтік өткелін кесіп өтеді. Қолданыстағы аспалы көпірге дейін біраз жер, жұмысқа жаяу қатынайтындар уақыттан ұтылғысы келмейді. Асығып жүріп қауіпсіздікті ұмытады. Сондықтан жоспарланған жаяу жүргіншілердің аспалы көпірі осы маңнан салынса, оң шешім болар еді.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты