Бәрі де тұтынушылар қауіпсіздігі үшін...
Сұхбат
14.02.2017, 15:15

Қазіргі заманда көлік қызметін пайдаланбайтын адам кемде-кем. Ал жолда жүргенде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігінің сақталуы - басты шарт. Өйткені, жол үстіндегі адам жолаушы болумен қатар - тұтынушы. Ал жолаушылардың жол-жөнекей сатып алатын заттары санитарлық-гигиеналық нормалар үдесінен шыққанда ғана қауіпсіз болмақ.
Біз Маңғыстау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Ағзия Темірқасованы темір жол көлігі саласында санитарлық нормалардың сақталу барысы, тұтынушыларды түрлі дерттерден алдын ала сақтандыру шаралары, тағысын тағы мәселелер төңірегінде әңгімеге тартқан едік.
–Ағзия Бөрібайқызы, қазір кейбір станцияларда, мысалға, Бейнеу және Болашақ станцияларында санитарлық-карантиндық пункттер жұмыс істеп тұр. Оларға жүктелген міндет, атқаратын қызмет қандай?
–Санитарлық-карантиндік пункттердің жұмысы аса жауапты. Оларға жүктелген негізгі міндет - қауіпті жұқпалы аурулардың және адам денсаулығына қаупі бар деген өнімдердің, яғни тауарлардың кеден шекарасына және Кеден одағы аумағына сырттан келуіне, таралуына қарсы іс-қимылдарды ұйымдастыру. Әуе, теңіз, темір жолдары арқылы келген тауар осы жолдардың бірінен екіншісіне тасымалданып, жолдар бір-бірімен байланысқа түсетіндіктен санитарлық карантиндік пункттер Бейнеу, Болашақ станцияларынан бөлек, Ақтау халықаралық әуежайында, Ақтау теңіз портында да орналасқан. Олар Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген Ережеге және Кедендік одақ комиссиясымен бекітілген мемлекеттік тіркеуге жататын тауарлар тізімін басшылыққа алып жұмыс істейді. Санитарлық-карантиндік пункттердің мамандары, Болашақ станциясы Түркіменстанмен, Бейнеу станциясы Қарақалпақстан арқылы Өзбекстанмен шектесетіндіктен, екі ел арқылы өтетін өнімдердің тиісті талаптарға сай болуын қадағалайды. Құжаттары жоқ өнімдер шекарадан өтпейді. Болашақ санитарлық-карантиндік пункті темір жол станциясының әкімшілік ғимаратында орналасқан, Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген Ережеге сай жасақталған, ал Бейнеу санитарлық карантиндік пункті Бейнеу вокзалының жанында. Санитарлық-карантиндік пункттер өз құзіретіне сай Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген Ережеден басқа Қазақстан Республикасының Заңдарына, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде көзделген ережелермен, санитарлық-карантиндік пункттердің ережесіне сай жұмыс жасайды. Барлық санитарлық-карантиндік пункттер қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
− Ел аумағына карантиндік және қауіпті жұқпалардың таралуына қарсы қандай профилактикалық іс-шаралар қолға алынған?
− Біздің басқарма бойынша Карантиндік және аса қауіпті жұқпалардың тасымалдануына және таралуын алдын алу, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы кешенді жоспар түзілген. Бұл жоспарда мамандардың жұмысты неден бастауы керектігінен бастап жедел хабарлама сызбалары бар. Жедел хабарлама сызбалары ҚТЖ «ҰК» АҚ филиал басшыларымен және жергілікті медицина мекемелерімен келісілген. Жыл сайын облыста орналасқан санитарлық-карантиндік пункттердің мамандарымен және кешенді жоспар бойынша тиісті мекемелермен жаттығу жұмысы жүргізіледі. Дайындық пысықталып, жасалған жұмыстардың есебі беріледі.
–Көліктегі тұтынушылардың құқықтары қалай қорғалуда? Тұтынушылар тарапынан арыз шағымдар түсе ме?
− Әрине, жолаушылар жүрген жерде арыз-шағым болмай тұрмайды. Шағымдар ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» заңына сәйкес қаралады. Шағымдар әртүрлі. Мысалға, былтыр жолаушылар пойызының санитарлық жағдайына қатысты екі шағым түсіп, соның негізінде жолаушылар пойыздары тексеріліп, құқық бұзушылыққа жол берген заңды тұлғаларға 84 840 тенге көлемінде айыппұлдар салынды.
− Маңғыстау өңірінде ауыз су мәселесі - үлкен проблема. Халықты сумен жабдықтау мәселесі қалай шешілуде және ауыз су сапасы туралы маман ретінде не айтар едіңіз?
− Әрине, Маңғыстау өңірінде су мәселесі түбегейлі шешілді деуге әлі ерте. Бірақ, атқарылып жатқан жұмыс жеткілікті. Мәселен, Опорный станциясынан бастап, Маңғыстау станциясына дейінгі темір жол бойындағы нысандар, жергілікті халық орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал разъезд тұрғындарына су темір жол көлігі арқылы вагон-цистерналармен тасымалданады. 2012-2016 жылдарға арналған «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында «Теміржолсу» АҚ және «Магистральды желі дирекциясына» қарасты сумен қамту жүйелеріне жаңғырту және қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды жүргізу барысында Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы ұсынған санитарлық талаптар ескерілді.
Жалпы су көздері, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған су жинау орындары ҚР Кәсіпкерлік Кодексі мен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде көрсетілген ережелерге сай жылына бір рет бақылаудан өтеді. Былтыр су жинау орындарынан алған су сынамасы санитарлық талаптарға сай болып шықты. Осы ретте, «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШСі лицензиясы бар сараптау орталықтарымен келісімшарт жасасқан. Соның негізінде өндірістік бақылау жасатып, тоқсанына 1 рет су сынамасы алынады. Егер су сынамасы санитарлық талаптарға сай келмесе, біздің басқармаға шұғыл хабарлама келіп түседі. Дереу құбырлар жуылып, залалсыздандырылады. Тазарту жұмысынан соң судың сапасы қайта тексеріледі. Өйткені, таза сапалы ауыз су – халықтың денсаулығының кепілі.
− Ағзия Бөрібайқызы, темір жол бекеттері мен жолаушылар пойыздарында қызып жататын сауда туралы не айтасыз? Олар қаншалықты заңды?
− Темір жол вокзалының перрондарында, яғни белгіленбеген жерден заңсыз сауда түрлерін болдырмау бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Өкінішке қарай, біз сүйеніп, негізге алатын ҚР «Кәсіпкерлік» және ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»Кодекстерінде белгіленбеген орындарда сауда жасаған жеке тұлғаларға қатысты біздің құзіретіміз айқындалмаған. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» туралы 204 бабына сәйкес, Жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс орындарда сауда жасау, бірінші рет ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға міндеттейді. Ал осы баптың бірінші бөлігінде, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға міндеттейді делінген. Сондықтан жеке тұлғалардың белгіленбеген жерде сауда жасауына тосқауыл қою – жергілікті атқарушы органдардың құзіретінде. Кейде пойыздар тоқтағанда жолаушылардың перронда белгісіз адамдардан тамақ алып, уланып, «жедел ішек инфекциясы» деген диагнозбен ауруханаға түсіп жататын жайттар кездесіп жатады. Осыны ескеріп, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 90 бабын басшылыққа алып, вокзалдардың орналасу аумағы бойынша аудандық әкімдерге темір жол вокзалы мен темір жол вокзалының перронында орын алып отырған заңсыз сауда түрлерін болдырмауға шұғыл шара қолдану туралы хат жолдап отырамыз. Өкінішке орай, белгіленбеген жерде сауда жасайтын жеке тұлғаның деректері болмау себептерінен әкімшілік жаза қолданылмай келеді. Сөз реті келгенде, жолаушыларға кез-келген жерде сауда жасап, әсіресе, тамақ өнімдерін сатып алмауға кеңес берер едім.
-Сұхбатыңызға рахмет!
Шахида ЖҰМАН,
Маңғыстау
Жаңалықтар
19.08.2025
ҚТЖ жеті айда 177 млн тонна жүк тасымалдады
Жаңалықтар
19.08.2025
ҚТЖ трансұлттық мультимодальды компания ретінде қалыптасуда – Жақыпов
Жаңалықтар
19.08.2025
Қазақстан 456 локомотив сатып алады
Жаңалықтар
19.08.2025
Биыл елімізде екі ірі теміржол жобасы мерзімінен бұрын аяқталмақ
Қауіпсіздік
19.08.2025
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ортақ міндет
Спорт
19.08.2025
Кіл мықтылар анықталды
Қауіпсіздік
19.08.2025
Ұрлық түбі – қорлық
Аймақтар
19.08.2025
Теміржолшы мамандығына грант саны артуда
Жаңалықтар
19.08.2025
Ұлы ақынды ұлықтады
ҚТЖ келбеті
19.08.2025
Бибігүлдің жүрек қалауы
ҚТЖ келбеті
19.08.2025
Құрметті теміржолшы Асқар Шокулбаевтың еңбек жолы
Аймақтар
19.08.2025
Теміржолшы отбасы жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік
19.08.2025
Өрт сөндіру пойызы тосын жайтқа толықтай даяр
Жаңалықтар / Мұрағат
19.08.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66-67 19 тамыз 2025 жыл
Аймақтар
18.08.2025
Шиелі станциясы – жүк айналымның өзегі
Бейнелер
18.08.2025
Елордаға саяхат (Видео)
Жүк тасымалы
18.08.2025
Астық экспорты 9,8 млн тоннадан асты
Аймақтар
18.08.2025
Сай-Өтес станциясында «Қызметтік қару» жедел алдын алу шарасы өтті
Аймақтар
18.08.2025
Цифрлық трансформацияға жол ашқан майталман маман
Жолаушылар тасымалы
18.08.2025
ҚТЖ теміржол билеттеріне 40%-ға дейінгі күзгі жеңілдіктер ұсынады