ҚТЖ кадрлық аутстаффингті енгізіп жатыр

Сұхбат
09.09.2022, 09:27
Любовь Ровба

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы 2022 жылдың 1 тамызынан бастап аутстаффингті қолдану бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Аутстаффинг дегеніміз не және оны пайдалануға не себеп болғаны туралы «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Істлеева сұхбат барысында айтып берді.

– ҚТЖ қызмет тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатқаны білгілі. Оның бір бөлігімен трансформациялық жоба командасы жұмыс істеп жатыр, ол негізгі емес қызмет түрлерін бәсекелестік ортаға шығаруға бағытталған. Жүргізіліп жатқан шаралардың мақсаты – негізгі өндірістік міндеттерді шешуге күш-жігерді шоғырландыру мүмкіндігін бере отырып, компания басшылығын басты қызметке қатысы жоқ мәселелерден босату. Бұл өзгерістер жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасқа да әсер ететіні сөзсіз. Осылайша, негізгі емес қызметтерді бәсекелестік ортаға енгізген кезде, персонал қызметтің белгілі бір түрлері мамандандырылған мердігер ұйымдарға беріледі, мысалы, нысандарды күзету немесе тазалаушы жұмысшыда жаңа жұмыс беруші пайда болады,  ҚТЖ үшін бұл қызмет аутсорсинг болып табылады.  

Жеке тұлғамен азаматтық-құқықтық шарттарды (АҚШ) жасау тұрақты сипатта емес және мамандандырылған ұйымның қатысуын талап етпейтін белгілі бір жұмыс көлемін орындау қажет болған жағдайларда қолданылады.  

Еңбек шартының осы екі нұсқасы да елімізде кеңінен таралған және ҚТЖ-да да қолданылады.

1 тамыздан бастап біз алғаш рет тағы бір жаңа механизмді қолдандық, ол – аутстаффинг.

– Сәуле Машұрқызы, аутстаффинг қызметінің мәні неде, сонымен қатар оның аутсорсинг пен азаматтық-құқықтық шарттардан айырмашылығы қандай екенін толығырақ айтып берсеңіз?

– Шетелде аутстаффинг құбылысы (ағылшын тілінен аутстаффинг – кадрларды штаттан шығару) бұрыннан кең тараған. Батыстың көптеген компаниялары, оның ішінде ең ірілері де персоналмен өзара әрекеттесуде осы схеманы қолдайды. Аутстаффингтің мағынасы қарапайым: компания (әдетте ірі) негізгі кәсібіне көңіл бөлуді қалайды және басты өндірістік персоналға қатысы жоқ түрлі мәселелерге алаңдағысы келмейді, сол үшін ондай қызметтерді делдал ұйымға тапсырып, шарт жасасады. Сәйкесінше ондай ұйымдар қажетті персоналды өздері қамтамасыз етеді және  заңды түрде олардың жұмыс берушісі болып табылады, жалақы мен тіркеуге қатысты барлық мәселелерді де өздері шешеді. Оған қоса барлық құжаттық рәсімдерді жүргізеді (есептік және кадрлық).

Дегенме, қызметкерлер толықтай тапсырыс беруші үшін жұмыс істейді, біздің жағдайда ҚТЖ-ға, бірақ провайдерлік компанияның (кадрлық агенттікте) штатында болады, ол өз кезегінде жалақы төлеу, салық төлеу, еңбек заңнамасын орындау қызметтерін мойнына алады (жұмысқа қабылдау, ауруға байланысты демалыс, жұмыстан шығару және т.б.). Қызметкерлер ҚТЖ менеджерлерінің тікелей бақылауында болады, бұл осы қызметтің аутсорсингтен басты айырмашылығының бірі.

Әйтсе де, негізгі емес қызметтен әкімшілікті алып тастаудың тиімді тетігі әлі де аутсорсинг болып қала береді, бірақ арнайы емес қызмет көрсету үшін мамандарды тарту қажет болғанда ол қолданылмайды. Мәселен, біздің жағдайда іс-қағаз жүргізу, хатшы-референт сияқты көмекші процеске жұмылдырылған жұмысшыларға.  

Соңғы уақытқа дейін мұндай мамандарды тарту мәселесі азаматтық-құқықтық келісім-шарт жасасу арқылы шешіліп келді. Бірақ бұл жағдайда тартылған маман үшін бірқатар кемшіліктер бар. Бұл еңбек шартының болмауы, соның салдарынан құқығы мен  мүдделерін еңбек заңнамасымен қорғау мүмкіндігінің болмауы (емделу демалысы, еңбек демалыс және т.б.).

Бұл тәсілдің компания үшін де  кемшіліктері бар, ол әрбір жұмысқа тартылған маманды жекелей басқару қажеттілігінен көрінеді (ай сайынғы қызмет көрсету актісімен бірнеше жеке АҚШ келісімдері), бұл ретте қызметкерді ынталандырудың және әлеуметтік қолдаудың тиімді механизмін пайдалану мүмкіндігі жоқ.

– Аутстаффингті енгізу бұл кемшіліктерді қалай жоюға көмектеседі?

– Аутстаффинг кезінде қызметкерлер әлеуметтік шиеленіс пен еңбек дауларының қаупін жоя алатын бірқатар артықшылықтарға ие болады. Олар ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жеткізуші-компаниямен рәсімделеді (кадрлық агенттігімен). Кадрлық агенттіктер оларға ҚР еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктерді қамтамасыз етеді (еңбек демалысы, емделу демалысы, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, жалақыға үстемелер және т.б.).

Компания әлеуметтік шиеленісті жеңілдетумен қатар, қосалқы процесті басқару қажеттілігімен байланысты жүктемені азайтуға мүмкіндік алады,  оған қоса басқару күштерін стратегиялық өндірістік мәселелерді шешуге бағыттайды. Бірнеше жеке АҚШ келісімдерінің орнына біз провайдер компаниямен бір келісім жасаймыз.

– Пилоттық жобаның периметріне қандай қызметкерлер кірді және компаниялар тобында аутстаффингті одан әрі пайдаланудың жоспары қандай?

– 1 тамыздан бастап орталық аппаратта және «Әкімшілік бөлімі» филиалында іс жүргізуді қамтамасыз ету бойынша хатшы көмекшілер персоналын ұсыну бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт жасалды. Аталған жұмысшылар Көлік қызметкерлері күніне орай сыйақы алып, бұл тәсілдің игілігін көріп үлгерді. Әрине, біз бұл тәжірибені компанияның барлық тобында таратуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ аутстаффинг шарты бойынша тартылатын кәсіптер тізімін кеңейткіміз келеді.  

Мәселен, келесі жылдан бастап кадрларды іздеу және іріктеу процесін қамтамасыз ететін– рекрутер қызметкерлерін тарту жоспарлануда. Қазіргі уақытта аутстаффингке көшу мүмкіндіктерін іздеу мақсатында компания филиалдарының азаматтық-құқықтық шарт келісімдеріне мониторинг жүргізілуде.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның HR командасы барлық дерлік міндеттер үшін икемді саясатты ұстанады және операциялық тиімділікті арттыру, бизнестің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ету мақсатында компанияның бизнес қажеттіліктері мен озық тәжірибелерін ескере отырып, HR бастамаларын қалыптастыруға бағытталған.

 

ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті