Жаңа ұжымдық шартта жаңашылдықтар бар

Сұхбат
25.01.2024, 16:13
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт күшіне енді. Бүгін біз жаңа ұжымдық шарттың бұрынғысынан қандай өзгешелігі, артықшылығы барын  «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитовтен сұрадық.  

– Жұпарбек Абзалбекұлы, әңгімемізді жаңа ұжымдық шарттың қалай жасалғанынан бастасақ...

– Әрине, биылғы жылды қоса алғанда, үш жылды қамтитын ұжымдық шартқа қатысты үлкен жұмыстар жүргізілді. Маңызды құжат жасалмас бұрын ел өңірлеріне шығып, желідегі теміржол еңбеккерлерімен кездестік. Олардың сөзін тыңдадық, ұсыныстарын қабыл алдық. Барлығы 300-ден астам ұсыныс келіп түсті. Әрине, олардың бәрін қабылдау мүмкін емес еді. Сондықтан осының бәрін реттеп, бір жобаға келтіріп талқылау үшін жұмыс тобы құрылды. Оған әр өңірден жұмыскерлер тартылды. Жұмыс тобының құрамы 30 адам болып бекітіліп, оған кәсіподақтан 15, Компаниядан 15 маман қатысты. Талқылау нәтижесінде 72 ұсынысты қабылданды. Жаңа ұжымдық шартта негізгі өзгерістер қызметкерлердің, сондай-ақ зейнеткерлер мен ардагерлердің әлеуметтік пакеттерін жақсарту, еңбекақы сияқты басты мәселелерге қатысты енгізілді. Егер нақты қаржы көрсеткішіне келсек, әлеуметтік жеңілдік бюджетіне +5 млрд тг, ал еңбекақы қорына +9,8 млрд теңге көлемінде қаражат қосылды. Тағы бір атап өтерлік жайт, 2024-2026 жылдарға арналған ұжымдық шартта бөлімдер және қосымшалар бойынша нөмірлеу өзгерді. Жалпы ұжымдық шарт 12 бөлімнен тұрады. Бастапқы екі бөлім жалпы ұғымдар, жалпы ережелерге арналған. «Еңбекті ұйымдастыру және нормалау, еңбекақы, қосымша ақылар мен үстемақылар» мәселелеріне арналған 3-ші бөлімнен бастап 8-ші бөлімге дейін Ұлттық компания қызметкерлері мен зейнеткерлері, ардагерлерінің мүдделері, құқықтары, оларға жасалатын жеңілдіктер, еңбек қорғау, қауіпсіздік, қайта оқыту, даярлық сияқты тағысын тағы мәселелер қамтылған.  

– Жаңа ұжымдық шарттағы негізгі өзгерістер әлеуметтік пакеттерді жақсарту мен еңбекақыға қатысты болғанын айттыңыз. Бұл көпшілікті қызықтыратын басты мәселе десек, артық айтқандық емес. Ендеше, сол негізгі өзгерістерге тоқталып өтсеңіз...

– Әлеуметтік пакеттерді жақсартуға қатысты өзгерістер, негізінен қаржылық көрсеткіштер тұрғысынан енгізіліп отыр. Айталық, баланың туылуына байланысты материалдық көмек (МК) 30-дан 40 АЕК-ке дейін, 4,5 класты станциялар мен разъездерде 40-тан 50 АЕК-ке дейін өссе, қызметкердің қайтыс болуына байланысты жерлеуге 100-ден 150 АЕК-ке дейін, теміржолшының ата-анасы, жұбайы/жары, балалары қайтыс болған жағдайда жерлеуге 50-ден 70-ке дейін АЕК көлемінде, ал некеге тұрғанда 15-тен 30 АЕК дейін МК беріледі. Шағын станцияларға жұмыс істеуге барған жас мамандарға 25-тен 40 АЕК МК беру, сондай-ақ, жаңа ұжымдық шарт талабы бойынша биылдан бастап декреттік демалыстағы әйелдерге де 8 наурыз мейрамына сыйақы беру қарастырылған. Жаңа ұжымдық шарттың басты жаңалығы ретінде, пойыз құрастырушылар мен олардың көмекшілеріне, жол монтерлері мен бригадирлеріне зейнетақы жасына жеткенге дейінгі үш жыл алды салалық жәрдемақыға шығу мүмкіндігінің беріліп отырғанын, сондай-ақ айрықша күрделі метеорологиялық жағдай кезінде жұмысқа тартылған көпір шеберлері мен жасанды құрылыс жөндеушілеріне де төлемақы төлеу қарастырылып отырғанын атар едік. Бұл – жаңа ұжымдық шартқа енгізіліп отырған толықтырулар. Жаңа ұжымдық шарт бойынша баланы емізу үшін қосымша үзіліс уақыты жарты сағаттан 1 сағатқа дейін ұзартылды. Студенттерге тәлімгерлік еткені үшін тарифтік мөлшерлемеден төленетін төлемақы 10-нан 15%-ке дейін; қармен, құммен күрес, төтенше жағдайлар кезінде теміржолшылардың тамақтануына төленетін қаражат көлемі 0,3-тен 0,5 АЕК-ке дейін ұлғайды. Бұрынғы ұжымдық шарттағыдай жаңа құжатта да  зейнеткерлер мен ардагерлерге арналған әлеуметтік пакет түрлері толық сақталған, тек өзгешелігі – материалдық көмек көлемі өскен. Сонымен қатар еңбекақы қорынан теміржол саласы қызметкерлеріне төрт мереке бойынша: атап айтқанда Наурыз мейрамы, Көлік қызметкерлері күні, Республика күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекелеріне ең төменгі жалақы (85 мың теңге) көлемінде біржолғы сыйақы беру келісілген. Бұрынғы ұжымдық шартта Республика күні мен Наурыз мейрамына сыйақы қарастырылмаған болатын.  

– Сала қызметкерлерінің жұмыс уақыты, еңбек және басқа демалыс уақыттарын ұйымдастыру бөлігіне қатысты қандай өзгешелік, ауыс-түйіс жағдайлар орын алды?

– Жаңа ұжымдық шартты жасау барысында көп сұранысқа ие шипажайларға жолдамалар сатып алу жағы қарастырылды. Сондай-ақ С.Сейфулин шипажайында жыл сайынғы сауықтыру мүмкіндігі енгізіледі, бұл шипажайда 1 және 4 тоқсанда лауазымдық жалақы деңгейіне (150 АЕК) қойылатын талаптар ескерілмей, сауықтыруға рұқсат етіледі. Жаңа құжатта демалыстар кестесін түзу барысында негізгі ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстарын пайдаланудың басым құқығын – мектепке дейінгі және бастауыш сыныптардың мектеп жасындағы балаларын, мүгедектігі бар балаларын жалғыз тәрбиелеуші қызметкерге, сондай-ақ төрт және одан да көп балаларын тәрбиелеуші қызметкерлерге, олар үшін ыңғайлы уақытта беруге басымдық жасалған. Сосын жаңа ұжымдық шарт бойынша қызметкердің ата-анасы, жұбайы/зайыбы, баласы, ағасы, ата-әжесі, немересі қайтыс болған жағдайда жерлеуге 3 жұмыс күні есебінен, сондай-ақ некеге тұруына байланысты 3 жұмыс күні есебінен демалыстар оқиға болған күнге беріледі. Ертеректе мұндай шектеулер болмаған еді, енді өндірісте кідіріс мәселесін болдырмау, сонымен қатар әлеуметтік демалысты беру аясында тәртіп пен кезектің сақталуы үшін оқиға датасымен байланысты шешім қабылданып отыр. Бұл шектеуге қатысты толықтырулар. Ал мүгедек баласы бар қызметкер, баласын  құзыретті органға куәландыру үшін кезекті медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткізетін болса, оларға бұрын 2 күн беріліп келсек, жаңа құжат бойынша 4 күн беріледі. Бірақ, мүгедек баланың ата-анасының екеуі де Компания қызметкері болса, онда қосымша демалыс біреуіне ғана беріледі. Міне, осы сияқты азын-аулақ толықтырулар мен өзгерістерді еңбек қорғау, қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау, кәсіби даярлық, қайта дайындық, Компания зейнеткерлеріне арналған әлеуметтік пакет бөлімдерінен де көруге болады. Жалпы жаңа ұжымдық шартта теміржолшылардың мүдделерін толық ескеруге тырыстық. Сондай-ақ жұмыс беруші «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының да қазіргі борышы көп жағдайында қаржылық жағдайын ескердік. Қазақы тілмен айтсақ, арба сынбайтын, өгіз өлмейтін жағдайды қамтамасыз ету керек. Сөз соңында «Қазкөліккәсіп» ҚБ орталық аппаратының, ел өңірлеріндегі кәсіподақ комитеті ұйымдарының 2024-2026 жылдарға арналған ұжымдық шартты жасаудағы еңбектері орасан зор екенін айта отырып, кәсіподақтың Орталық кеңесінің өкілі ретінде жаңа құжаттың сәтті жасалып шығуына үлес қосқан азаматтарға үлкен алғысымды білдіргім келеді.  

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Жолаушылар тасымалы
13.11.2025
«Астана – Жезқазған» бағытындағы Тальго пойызы Қызылордаға дейін ұзартылады
Жүк тасымалы
12.11.2025
Қазақстан Арменияға ай сайын 20 мың тоннаға дейін астық жөнелтпек
Жаңалықтар
12.11.2025
ҚТЖ энергия тиімділігі және цифрлық басқару жүйелері бойынша дәріс өткізуде
Әлемде
12.11.2025
Siemens Мысыр елі үшін жасалған жоғары жылдамдықты пойызды таныстырды
Жаңалықтар
12.11.2025
Жүк контейнерінен жалпы құны 2 млн теңгеден асатын металды ұрлағандар сотталды
Жаңалықтар
11.11.2025
Биыл 80 вокзал пайдалануға беріледі – Көлік министрлігі
Жаңалықтар
11.11.2025
Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жөндеу барысына қатысты ескерту жасады
Жаңалықтар
11.11.2025
ҚТЖ ALT UNIVERSITY базасында заманауи зертхана ашты
Цифрландыру
11.11.2025
Бірыңғай цифрлық терезе – бірегей жоба
Қауіпсіздік
11.11.2025
Шымкентте «Темір жол – қауіпті аймақ» акциясы өтуде
Жаңалықтар
11.11.2025
Жаңа тариф енгізіледі
Қауіпсіздік
11.11.2025
Баршаға ортақ жауапкершілік
Аймақтар
11.11.2025
Шеберхана жөнделді
Жаңалықтар
11.11.2025
Бейнеттен зейнетке бастар жол...
Аймақтар
11.11.2025
Құрметті теміржолшы Байбол Орақовтың өмір жолы музей экспозициясына енді
Жолаушылар тасымалы
11.11.2025
«Алматы – Ташкент» бағытында Тальго пойызы күнделікті қатынайтын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.11.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №94 11 қараша 2025 жыл
Жаңалықтар
10.11.2025
ҚТЖ Өзбекстан темір жолымен тасымалдау процесін тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауда
Қауіпсіздік
10.11.2025
Жыл басынан бері темір жолда 2 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді
ҚТЖ келбеті
10.11.2025
«Өнегелі отбасы» – теміржолшылар әулеті