Мұнайлы астананың мүмкіндігі мол
Сұхбат
18.11.2016, 12:50

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Атырау бөлімшесі мұнайлы өңірде орналасқандықтан тасымалдың дені де қара алтын өнімдері. Қазақстан темір жолы құрамында өзіндік орны бар кәсіпорынның басшысы Бөріхан Беркімбаевпен сұхбатымыз мұнайлы астана теміржолшыларының тынысы жайлы өрбіді.
– Бөріхан Сматоллаұлы, Атырау облысы аумағын басып өтетін темір жолдың әлеуеті жайлы әңгімелеп берсеңіз? – Атырау жүк тасымалы бөлімшесі құрамындағы темір жолдың ұзындығы бүгінгі таңда 706,8 шақырымды құрайды. Салынып жатқан жаңа жолдар біздің өңірден өтпегендіктен жаңадан қосылған телімдер жоқ. Жаңадан темір жол жүйелері қосылған жоқ. Мұнайлы өлке болғандықтан, ең алдыменен тасымалданатын жүктің де басым бөлігін көмірсутегі шикізатының өнімдері, мұнай-газ саласы кәсіпорындарының өнімі құрайтыны белгілі. Бірақ, бізге байланысты емес жағдайларға орай, соңғы кезде мұнай тасымалдау көлемі төмендеді. Айталық, баршаға белгілі себеппен, Қашаған кен орнының мұнай өнімін тоқтатуынан ірі жүк жөнелтуші «Теңізшевройл» ЖШС қалыпты мұнай өнімінің (тәулігіне 76000 тонна) көп мөлшерін (тәулігіне 63000 тоннаға дейін) құбырмен тасымалдауға көшті. Соның салдарынан, мұнай өнімін темір жол көлігімен тасымалдау мөлшері күрт төмендеп кетті. Бұл бізге, үлкен сынақ болды әрине, себебі біздің тасымалдау мүмкіндігіміз де жоғары, инфрақұрылымымыз да жетілген, қандай көлемге де төтеп бере алатын қауқарымыз бар. Дегенмен, қол жеткенді қанағат ететін болсақ, осы жылдың тоғыз айында Атырау жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша 17 млн 062 мың тонна жүк тасымалданды. Аймақтағы ең алпауыт кәсіпорын «Теңізшевройл» ЖШС 29 933 ваг/ 966 177 тн. пропан, бутан газ өнімдерін тиеді. Оның ішінде: Одесса темір жолы арқылы Украина бағытына 11 862 ваг/398 685 тн., Львовская темір жолы арқылы Словакия, Венгрия, Польша елдері бағытына 10 202 ваг/316 491 тн., Белоруссия темір жолы бағытына 4361 ваг/139 029 тн., Қытай бағытына 565 ваг/17 319 тн., Қазақстан ішінде 2279 ваг/ 73 779 тн., Ресейдің Октябрь темір жолы арқылы Финляндия бағытына 159 ваг/ 4929 тн. газ өнімдері және Солтүстік Кавказ темір жолы арқылы Вышестеблевская станциясына 437ваг/ 25 959 тн. мұнай тасымалданды. – Жаңа резервтер көзі бар ма, болашаққа қандай болжам жасауға болады? – 2007 жылы Атырау жол бөлімшесінің өткізу мүмкіндігін арттыру мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау – Ақсарай телімінде Кызылжар және №6-шы бекеттері, Мақат – Құлсары телімінде Шокпартоғай және Бәйтерек бекеттері ашылды. Бұл аймақ темір жолының өткізу мүмкіндігін еселеп арттырған тиімді жобалар болды. Ал енді бүгінгі таңда мұнай өнімдерін қала ішіне кіргізбей, сыртпен, Теңдік станциясы арқылы мұнай зауытына тасымалдау көзделіп отыр. Соған байланысты, Теңдік станциясында «РТИ Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС күшімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 2 жол салынды. Станция ғимаратында қайта құру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар, «Атырау мұнай өңдеу» зауытында мұнайды тереңнен қайта өңдеу кешені құрылысы, көлік инфраструктура нысаны жүргізілуде. Аталған құрылыс монтаж жұмыстары жылдың аяғына қарай аяқталады деп күтіліп отыр. Жобаның 70 пайызын Қазақстандағы мұнайгаз секторында логистикалық қызметтердің толық түрін көрсететін теміржол саласындағы жетекші көліктік-экспедиторлық компания «Petroleum» ЖШС, ал 30 пайызын «АНПЗ» ЖШС қаржыландырды. «Petroleum» компаниясы мұнайгаз өнімдерін тасымалдау, вагон-цистерналарды жалға беру, дайындау, қабылдап-жөнелту, т.б. жұмыстармен айналысады, сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның жылына 4,5 млн тонна тасымал көлемі бар ресми экспедиторы болып табылады. Батыс Қазақстан аймағында 2011-ші жылға дейін мұнай өнімдерін тасымалдау көлемінің артуымен байланысты Мақат станциясында реконструкция жасалып, парктің қабылдау-жөнелтуін жеңілдетіп, өткізу мүмкіндігі арттырылды. Ақжайық станциясында жүргізілген жаңғырту жұмыстары нәтижесінде қолданыстағы және жаңадан салынған бағыттамалық бұрмалар мен маневрлік сигналдар электрлендірілген орталыққа қосылды, жаңа ғимарат салынды. Электрлендірілген орталық жүйесінің жаңғыртылуы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Пойыздарды өткізу қабілетін арттыру мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін №441, Доссор, Қарабатан бекеттерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, қосымша жолдар салынды. Егемендік алған 25 жылдың ішінде Ескене, Мұқыр, Жантерек, Мақат, Нарын, Аққыстау станцияларында вокзал ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді. Міне, осының бәрі болашаққа жақсы болжам жасауға мүмкіндік береді бізге. – Қала қақпасы темір жол вокзалы жөндеуден өтіп, жүрдек пойыздар қатынасы артқаны да аймақ халқының игілігі емес пе?! – Компания басшылығының қолдауы арқасында қаламыздың темір жол вокзалы мен бөлімшеміздің бас ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Халық сұранысына байланысты Атырау – Алматы, Атырау – Астана бағыттарына «Тальго» жолаушылар пойыздарын жіберуді сәтті жүзеге асырдық. Локомотив паркі «Эволюшн» отандық тепловоздарымен қамтамасыз етілді. – Теміржолшы халықтың әлеуметтік ахуалына көмек пен қолдау жайын да айтып өтсеңіз? – Теміржолшыларды әлеуметтік қолдау, басқа-басқа темір жолда қандай қиын-қыстау заманда да күн тәртібінен түскен емес. Біз мысалы, соңғы жылдары Мақат станциясында тұратын теміржолшыларға 115 пәтер пайдалануға бердік. Жақын күндері тағы да 15 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Биылғы жылы Атырау жол бөлімшесі теміржолшыларының 250 баласы демалды, 209 теміржолшы Алматы, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Кавказ сауықтыру орындарында болып қайтты. «Жәрдем» медициналық-диагностикалық пойызы Ганюшкин – Құлсары – Сағыз аралығындағы шалғай станция мен жол айырықтарындағы және алыс елді мекендердегі тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті. Медициналық пойыз өңірімізде 24 күн қызмет жасап, 14 станцияға аялдады. Онда 2767 мың адамды қарап, оларға 30 мыңнан астам сапалы медициналық-консультативтік қызметтер мен шағын операциялық көмектер көрсетті. Осыған дейін Дина Нұрпейісова станциясындағы тұрғындардың осы станцияға жолаушылар пойызының тұрмайтындығы және соған қатысты билет кассасының болмауы олардың еркін жүріп-тұруына, тіршілік-тұрмыс жағдайларына теріс әсер ететінін айтып шағымданған болатын. Шекаралық талаптарға сәйкес, аталған станцияда билет кассасын ашып, жолаушылар пойызын тоқтату қанша қиын болса да, осы өткен жаз айында халық үшін бұл мәселені де шешіп бердік. Қазіргі уақытта Дина Нұрпейісова станциясында билет кассасы ашылып, жұмыс жасап келеді. Жолаушы пойызы кестеге сай аялдама жасайды. Елдегі болып жатқан тосын оқиғаларға да атыраулық алғашқылардың бірі болып көмек қол созып, елдік шаралардан тыс қалмауға тырысады. Республикалық акциялар мен қайырымдылық шараларға түгел қатысамыз. Іргелі отандық кәсіпорын болғасын, елдегі болып жатқан барлық жағдайларда үн қосып отыруға тырысамыз. Мысалы, былтыр Атырау қаласында табиғи апат салдарынан жаңбырдан материалдық шығын көрген 8 адамға жалпы сомасы 760 мың теңге қаржылай көмек көрсеттік. Биылғы жылы да толассыз жауған жаңбыр салдарынан жапа шеккен 2 адамға 260 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, Атырау
Жаңалықтар
03.07.2025
Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Қауіпсіздік
03.07.2025
Өрт сөндірудің заманауи әдістері талқыланды
Жаңалықтар
03.07.2025
ҚТЖ Басқарма төрағасы тағайындалды
ҚТЖ келбеті
03.07.2025
Астанада тоғысқан тағдырлар
Жолаушылар тасымалы
03.07.2025
Маусым айында ҚТЖ пойыздарымен 1,2 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
Аймақтар
02.07.2025
«Таза Қазақстан»: Семей теміржолшылары санитарлық тазалықты күшейтуде
Жүк тасымалы
02.07.2025
Бірінші жартыжылдықта ҚТЖ желісінде экспорттық тасымалдың өсуі тіркелді
Әлемде
02.07.2025
Трансауған теміржол магистралі іске аса ма?
Жаңалықтар
02.07.2025
Түркістан станциясында жас жігіт суицид жасамақ болды
Жүк тасымалы / Апта саны
01.07.2025
ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалы 53%-ға өсті
ҚТЖ келбеті
01.07.2025
100 маман іріктелді
Инфрақұрылым
01.07.2025
Шымкент жолшылары асарлатып ауқымды жұмыс атқарды
Аймақтар
01.07.2025
Жұмысшыларды тасымалдайтын жаңа автобус пайдалануға берілді
Жаңалықтар
01.07.2025
Абай мұрасы насихатталды
Қауіпсіздік
01.07.2025
Теміржол нысандарындағы өрт қауіпсіздігі
Жаңалықтар / Мұрағат
01.07.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №50 01 шілде 2025 жыл
Аймақтар
30.06.2025
Күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесін беруде
Станция тынысы
30.06.2025
Семей станциясы үздік атанды
Әлеумет
30.06.2025
Айназдың алғашқы жеңісі
Жаңалықтар
30.06.2025
"Қазақстан темір жолы" төрт жылда неге қол жеткізді?