Қосымша пойыздар шығады

Жаңалықтар
31.05.2016, 11:52
Жаз – демалыс маусымы. Соған орай темір жол көлігін пайдаланушы жолаушылар саны да күрт өсетіні белгілі. Осы маусымдық себептерге байланысты қосымша пойыздар шығатыны қалыпты жағдай. Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында бұл жолы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы 3 маусымнан бастап Ақтөбе – Атырау бағытында қосымша №102/101 жүрдек пойызын шығармақ.  Бұл жағымды жаңалық екі облыс халқына да оңынан болғалы тұр. Өйткені бұл бағытта билеттердің тапшы екені көптен белгілі мәселе. –Екі араны жол қылатын атыраулық және ақтөбелік тұрғындар көп. Біріншіден, мұнайлы өлкеге жұмысқа, атап айтқанда жалақысы көп мұнайшылық жұмыстарға вахтамен қатынайтын ақтөбе халқы. Орташа айлық жоғары болғандықтан ол жаққа қатынайтындар артқан. Ал керісінше, Ақтөбеге болса, білім алуға келетін жастар да осы бағыттағы пойыздардың тұрақты жолаушылары. Сондықтан жаңа пойыздың қосылуы өте дер кезінде жасалған шаруа дер едім, – дейді Ақтөбе тұрғыны Әсет Жомарт. Қоғамның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл пойыз «СВ» класты 14 вагоннан құралған және аптасына бір рет қатынайды. Пойыздар Атырауға дейін 12 сағат 13 минут, Ақтөбеге дейін 11 сағат 38 минут жүреді. Жүрдек пойыз Ақтөбе станциясынан аптаның әр жұмасында кешкі 21 сағат 10 минутта жолға шықса, керісінше, Атырау станциясынан 22 сағат 5 минутта аттанады.

Райхан Рахметова

Астана

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты