Астаналық оқушылар ҚТЖ-да кәсіптік бағдар беру экскурсиясынан өтті

Жаңалықтар
03.10.2024, 15:32
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Астана қаласының оқушылары кәсіптік бағдар беру экскурсиясы аясында ҚТЖ ғимаратын аралап, теміржолшылардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Астана қаласының әкімдігі «Астана даму орталығы» ЖШС-мен бірлесіп әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бағдарламасын өткізуде. Соның аясында осы жылдың 1 қазанынан бастап жыл соңына дейін 7-11 сынып оқушылары мен елорда колледждерінің бірінші курс студенттері үшін білім беру экскурсиялары ұйымдастырылып отыр. Оқушылар өзге кәсіпорындармен қатар Қазақстан темір жолының жұмысымен де етене танысып, бұл саланың қыр-сырына қанықпақ.

Бүгін қаладағы Urban мектебінің оқушылары ҚТЖ-ның бас ғимаратында болып, теміржолшылар музейі мен Пойыздар қозғалысын басқарудың автоматтандырылған орталығын аралады.

Аталған жоба болашақ мамандықты таңдау кезінде оқушылардың ынтасы мен осы сала бойынша білімін арттыруға бағытталған. Былтыр бұл бағдарлама аясында 10 мыңға жуық бала 30-дан астам кәсіпорында болған, соның ішінде университеттер, зауыттар, банктер, қонақ үйлер, мұражайлар, филармониялар, кітапханалар, өрт сөндіру бөлімдері және басқа да ұйымдарда болған. Ұйымдастырушылар биыл 12 200 баланы түрлі мекемеге апармақ. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың болашақ мамандығын таңдауына септігін тигізетінін сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында техникалық мамандықтарға басымдық беру керектігін үнемі айтып отыратыны белгілі.

Жобаны іске асырып жатқан «Гвидон Тур» туроператорының жетекшісі Татьяна Верницкая балалар жастайынан техникаға жақын болып өссе, кейін сол салада қызмет ететінін айтады.

«Өзімнің танысым 5 жасынан машинистің жұмысымен етене таныс болып, теміржол бойында өскен. Ер жеткенде машинист мамандығын таңдады. Сол себепті өскелең ұрпақты қазірден кәсіптік экскурсиялардан өткізіп, әр сала бойынша білімдерін жетілдіре түскен жөн. Алдағы уақытта бұл балалардың арасында темір жол саласын ұнатып, қызығушылығы артатындар кездесуі мүмкін», - дейді Т.Верницкая.  

Тағы бір айта кетерлігі балаларды кәсіпорындарға экскурсияға апаруға тек туристік агенттіктердің ғана рұқсаты бар екен. Сол себепті қала әкімдігінің тапсырысымен туроператорлар жобаны іске асыруда.

Биылға жоба аясында ҚТЖ нысандарына 32 экскурсия ұйымдастыру жоспарланған. Оқушылар алдағы уақытта ҚТЖ-ның Оқу орталығына, Теміржолшылар музейіне, «Нұрлы жол» вокзалына және Локоматив пайдалану депосын аралайды.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады