Тұғырда – тарихтың тірі куәгері

Жаңалықтар
14.06.2016, 11:53
 Сарыөзек станциясына темір жол тарихынан сыр шертіп, көненің көзіне айналған паровоз-ескерткіш орнатылды. Бұл Түркісіб құрылысына қатысып, жапан дүзде тіршілікті жандандырған ата-бабаларымызға, пойыздардың қауіпсіз жүріп тұруын қамтамасыз етуші барлық теміржолшыларға етілген тағзым, көрсетілген құрмет іспеттес. Күн сәулесімен шағылысқан паровоз алыстан менмұндалайды. Паровоз тарихына үңілсек, ол екінші дүниежүзілік соғыс соңында Коломенск зауытында, даңқты конструктор Лев Лебедянский мен академик Сергей Сыромятниктің жетекшілігімен жасалыпты. Ал бүгінде ол сарыөзектік локомотившілер үшін өзінің қызметін толыққанды атқарып шыққан жәдігер ретінде бой түзеп тұр. Паровоз-ескерткіштің ашылу салтанатында «Локомотив» АҚ вице-президенті Айтым Құрақбаев сөз сөйледі. –Бұл ескерткіштің ашылуы – кешегі Түркісіб құрылысшылары мен осы өлкенің теміржолшыларына көрсетілген деген үлкен құрмет, ізгі ілтипат. Мен жерлестерімді, локомотивші ретінде еңбек жолымды бастаған Сарыөзектей туған депо ұжымын осынау айтулы оқиғамен құттықтаймын. Бұл ескерткіш өскелең ұрпаққа теміржолшы кәсібінің қандай мәртебелі мамандық екенін айқындап, ой салар деген үміттемін, – деді Айтым Тұрсынұлы локомотившілер символына айналған паровоз ескерткішінің маңыздылығына айрықша тоқталып. Өз кезегінде жергілікті билік өкілдері де, өлке экономикасының өркендеп, дамуына сүбелі үлес қосып отырған теміржолшы қауымына жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін арнап, естеліктер айтылды. Кезінде Сарыөзек паровоз депосының  ұзындығы 622 шақырымды құраған Үштөбе – Шу теліміне қызмет көрсетілгені,   сол кездері депо тіркелімінде 50 паровоз болғаны сөз болды, бригадалар  бірінші күннен  бастап-ақ,  ауыр техникаларды басқарудың озық тәсілдерін сәтті меңгеріп алған екен. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары ұрыс даласына эшелондарды шапшаң жеткізу үшін майдан паровоз колонналары жасақталыпты. Соғыстан соң пойыздарды жүргізуге қатысты паровозшылар көптеген бастамалар көтеріп, паровоз жұмысының сенімділігін арттыратын рационализаторлық ұсыныстар, сонымен қатар тасымалды ұйымдастырудың жаңа әдістерін ұсынған. Тіпті теміржолшылар «Л» сериясындағы паровоздарды өздерінше «еркелетіп»  «Лебедянка», «Лебедь» деп те атаған көрінеді. Ал паровоздарға «Л» сериясы бас конструктор Лев Лебедянскийдің жобасы бойынша құрастырылғандықтан беріліпті. Бұл паровоздар сол заманда ең озық, қызмет көрсетілімінде қарапайым болып келген. Өзіндік құрылымымен, өлшемімен ерекшеленген бұл паровоздың конструктивтік жылдамдығы 80 км/сағат, ұзындығы 13796 мм болса, салмағы 102,1 тонна. 1945-1955 жылдар аралығында Коломенск, Брянск, Волошиловоградск зауыттарында барлығы 4199 паровоз құрастырылыпты. –Бұл айбынды монумент барлық теміржолшылардың қажырлы еңбегін асқақтатын белгі болып қалмақ. Оның жанында ардагер-машинистер жас ұрпаққа сан мәрте ақ жол тілеп, жақсы тілек-лебіздерін айтары сөзсіз, – деп ой түйген Сарыөзек локомотив айналым депосының бастығы Қасен Егзековтің сөзін қазіргі зейнеткер-машинистер, өлкенің қадірлі азаматтары Ярмуш Пермухаметов, Виктор Ткаченко, Серғали Ахатов, Валерий Кулжанов, Өмірғали Құрақбаев, Бегәлі Оспанов сынды машинистер қостады және толықтырды. Салтанатты шара барысында депоның үздік қызметкерлері, машинист Айқын Сыдықов, машинист-нұсқаушы Талғат Жакилин, техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі инженер Валерий Головин  «Локомотив» АҚ президентінің Мақтау грамотасымен марапатталды.  

Елена ҚОЛДАСБАЕВА, Алматы

Сұлугүл БАКЕСОВА

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн