«Самұрық-Қазына» корпоративтік омбудсмендері елорданың негізгі машина жасау кәсіпорындарына барды

Жаңалықтар
04.11.2025, 13:55

Серікбай Тұрымов бастаған «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік омбудсмендері елорданың үш ірі зауытына — «Stadler Kazakhstan» ЖШС, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және Alstom зауытына жұмыс сапарымен барды. Іс-шараға Қордың еншілес компанияларының корпоративтік омбудсмендері де қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сапардың мақсаты – өндірістік процестермен, кәсіпорындардағы еңбек жағдайларымен, корпоративтік мәдениетпен танысу, сондай-ақ еңбек ұжымдары мен корпоративтік омбудсмен институты арасындағы өзара іс-қимыл тетігінің жұмысын бағалау.

«Корпоративтік омбудсмен институты – бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілердің сенімі мен мүдделерін теңестіру құралы. Біздің міндетіміз – құрмет, әділдік және ашық диалог ахуалын қамтамасыз ету»,– деп атап өтті Серікбай Тұрымов.

«Самұрық-Қазына» қоры корпоративтік басқаруды, еңбек этикасын және тұрақты дамуды дамыту саясатын дәйекті түрде іске асыруда. Бүгінгі таңда омбудсмендер институты Қордың барлық негізгі компанияларында жұмыс істеп, сенімді нығайтуда, қызметкерлердің қатысуын арттыруда және салауатты жұмыс ортасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып жүр. 

Сапар барысында кәсіпорындарда заманауи технологиялар табысты енгізіліп жатқаны, кадрлардың біліктілігі артып келе жатқаны, ал қызметкерлердің 99%-ын елімізде, сондай-ақ, шетелде жетекші әлемдік компаниялармен серіктестікте кәсіби даярлықтан өтіп жатқан Қазақстан мамандары құрайтыны атап өтілді.

Локомотив және вагон құрылысын дамыту жаңа жоғары ақы төленетін жұмыс орындарын құруға, инженерлік құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етеді және аралас салалардың — металлургия, электротехникалық сектор, логистика және сервистік қызметтердің дамуын ынталандырады.

Wabtec, Stadler және Alstom өндірістік алаңдарын құру және кеңейту Қазақстанның машина жасау әлеуетін нығайту және оны жаһандық технологиялық тізбектерге интеграциялау жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарларын растайды.

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес