«Бахты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы тексерілді

Жаңалықтар
19.11.2025, 16:04
Оқуға 2 мин
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан – Қытай шекарасындағы үшінші шекаралық теміржол өткелінің құрылысы 2025 жылғы 21 шілдеде басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің кеңесшісі Нұрлан Ұранхаев, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов, сондай-ақ тапсырыс беруші – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, бас мердігер ChinaHarbour Engineering Company Ltd және жергілікті атқарушы орган өкілдері құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты.

Жұмыстар жалпы ұзындығы 42 км болатын учаскелерде жүргізілуде. Құрылыс алаңында 120 бірлік техника мен 272 жұмысшы еңбек етуде.

Қазу және жер төсемін көтеру жұмыстары атқарылуда. Орындалған жер жұмыстарының жалпы көлемі – 517 972 м³.

Сонымен қатар төрт вахталық қалашықтың құрылысы, ғимараттардың іргетасын орнату және жоспарлау, қоршаулар мен инженерлік желілерді орнату, кірме жолдарды салу, әкімшілік-тұрмыстық кешендердің қаңқасын құрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жобалау-іздестіру жұмыстары да қолға алынған. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді 2026 жылдың I тоқсанының соңына дейін аяқтап, 2026 жылғы 6 сәуірге дейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарланған.

Қысқы кезеңде негізгі назар жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтау, бөлімдерді әзірлеу және материалдарды мемлекеттік сараптамаға тапсыру, сондай-ақ жергілікті мердігер ұйымдарды айқындау бойынша тендерлік рәсімдерді жүргізуге аударылады.

Шарт талаптарына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі – 2027 жылғы 31 желтоқсан.

«Бахты – Аягөз» жобасының іске қосылуы Қазақстан – Қытай бағытындағы өткізу қабілетін арттырып, қолданыстағы өткізу бекеттеріне түсетін жүктемені төмендетуге және экспорттық-импорттық әрі транзиттік тасымалдардың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«Бахты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылуы Үкіметтің ерекше бақылауында.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды