Экспорттаушылар Маңғыстау өңіріндегі порттар мен терминалдар инфрақұрылымымен танысты

Жаңалықтар
19.11.2025, 17:54
Оқуға 2 мин

Ақтау қаласында қазақстандық негізгі экспорттаушылардың қатысуымен "Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша 2025 жыл үшін тасымалды бағалау және 2026 жылға тасымал жоспары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Іс-шара мақсаты - ТХКБ бағдары  қатысушыларына өңірдегі порттар мен терминалдар инфрақұрылымын, сондай-ақ өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстармен таныстыру. Кездесу "ҚТЖ" ҰК" АҚ бастамасымен ұйымдастырылды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас директорының орынбасары Саламат Абжалиевтің айтуынша, 2025 жылғы 10 айда ТХКБ бойынша теміржол көлігімен тасымал көлемі 2,6 млн тоннаны құраған.  Осы бағытпен қазақстандық жүктердің экспорт үлесі 74%- ға жетті. Түрлі түсті металдар тасымалы көлемі анағұрлым жоғары, яғни 84% өсім байқалды. Астық тасымалы үш есе.  химиялық және минералды тыңайтқыштар—  16%-ға артты. Батыс бағытындағы негізгі транзит 32,4% өсті. бұл аталған бағдарға халықаралық деңгейде қызығушылықты көрсетеді. 

ҚТЖ өкілдері осы бағдардың тиімділігін арттыру мақсатында ауқымды аудит жүргізілгенін атап өтті. Соның нәтижесінде 2025 жылы 30 қыркүйекте Алматы қаласында өткен New Silk Way форумында "тар орындарды" жою бойынша Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Құжат мына негізгі бағыттарды қамтиды: инфрақұрылымды дамыту (соның ішінде контейнерлік тасымалға арналған кемелер сатып алу), әкімшіліктік рәсімдерді бірегейлендіру, көлік үдерістерін цифрландыру және тариф саясатын келісу. 

Порттар мен терминалдар басшылары инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін көрсетіп, жүк жеткізу жылдамдығын арттыруға бағытталған іс-шараларды таныстырды. 

Жүк жөнелтушілер қазіргі таңдағы операциялық қызметтер бойынша сұрақтарын қойып, ҚТЖ өкілдері тарапынан жауап алды.   Сонымен қатар алдағы жылға жұмыс жоспары талқыланды. 

Тараптар айтылған шешімдер мен "ҚТЖ"ҰК"АҚ ұсыныстарын хаттама арқылы бекітуге уағдаласты. "ҚТЖ"ҰК"АҚ Қазақстан аумағы бойынша тұрақты жүк ағынын қамтамасыз ете және тасымал тиімділігін арттыра отырып транскаспий логистикасын дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту жұмыстарын жалғастыра береді.

Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде