ҚТЖ мен Өзбекстан темір жолдарының кооперациясы екі елдің көлік мүмкіндігін кеңейтеді

Жаңалықтар
08.12.2025, 08:38

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрі Е. Кенжеханұлы бастаған қазақстандық делегацияның сапары аясында «Сарыағаш» МТТП (мемлекетаралық теміржол түйісу пункті) нүктесінде және Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдарымен көпжақты кездесу өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz

Келіссөзге Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Маккамов И.Р., Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Юлдашев Қ.А., «Узбекистон темир йуллари» басшысы Нарзуллаев З.Г., сондай-ақ Министрлер кабинеті өкілдері қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар «Сарыағаш» МТТП арқылы астық өнімдерін Орталық Азияға және Ауғанстан бағыты бойынша үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге қатысты бірлескен шешімдерге келді. 

Кездесу қорытындысы бойынша тәулігіне пойыз алмасу көлемін 35 жұпқа дейін арттыруға, сондай-ақ өзбек тарапымен тәулігіне кемінде 10 астық тиелген құрамды және 5 жабық вагондағы азық-түлік тауарларын қабылдап отыруға уағдаласты.

Сонымен қатар, тараптар вагон айналымын қамтамасыз ету мақсатында жүк түсіру жұмыстарының, кірме жолдар қызметінің және уәкілетті органдардың демалыс және мереке күндерін қоса алғанда тәулік бойы жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек, жүк тиеу және түсіру тепе-теңдігін сақтау мақсатында астық тасымалы экспортын Өзбекстан аумағындағы қабылдаушы кәсіпорындардың бос қуаттарын ескере отырып жоспарлау, сондай-ақ бос вагондардың келісілген айналымын қамтамасыз ету жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Қабылданған шешімдер логистикалық тізбектерді тұрақтандыруға және қазақстандық астықты Өзбекстан нарығына, сондай-ақ өңірдің өзге де елдеріне уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы жылдың 11 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалы көлемі 28,5 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 млн тоннаға немесе 16%-ға артты. Оның ішінде астық тасымалы айтарлықтай өсім көрсетіп, 32%-ға артты және 5,6 млн тоннаны құрады.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады