ҚТЖ пойыздары жолаушыларына арналған ТОП-6 ыңғайлы сервис

Жаңалықтар
30.01.2026, 10:31
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолайлылығын арттыруға бағытталған цифрлық және сервистік шешімдерді жүйелі түрде дамытып келеді, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Бүгінде Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар күнделікті пайдаланатын ең сұранысқа ие ТОП-6 сервисті ұсынады.

1. Пойыз қозғалысының онлайн-таблосы — https://tablo-railways.kz/ru

Онлайн-табло арқылы жолаушылар пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап отыра алады. Мұнда пойыздың кестесі, орналасқан жері, келу және жүру уақыты, сондай-ақ, мүмкін болатын кешугілер туралы ақпарат қолжетімді. Бұл сервис жолаушыларға сапарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

2. Билет сатып алу сайты — https://bilet.railways.kz

Теміржол билеттерін онлайн сатып алуға арналған компанияның ресми сайты. Қызмет тәулік бойы, комиссиясыз жұмыс істейді. Жолаушылар бағытты, қызмет көрсету класын таңдап, билетті ыңғайлы тәсілмен төлеп, электронды жол жүру құжатын ала алады. Сайтты пайдалану кассаға бару қажеттілігін жойып, уақытты үнемдейді.

3. https://temirzholy.kz  — «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми сайты

Temirzholy.kz ресми сайтында жолаушыларға қажетті барлық негізгі ақпарат бір жерге жинақталған. Мұнда теміржол тасымалы, сервистер, тарифтер мен сапар ережелері туралы өзекті мәліметтерді жедел алуға, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметімен толығырақ танысуға болады.

4. Бірыңғай байланыс орталығы — 1433

Бірыңғай тегін байланыс орталығы жолаушыларға теміржол тасымалына қатысты барлық сұрақтар бойынша кеңес береді. Орталық мамандары пойыз кестесін нақтылау, багажды тасымалдау ережелері, билеттерді қайтару тәртібі және өзге де қызмет көрсету мәселелері бойынша жедел жауап ұсынады.

5. Шағымдар мен ұсыныстарға арналған WhatsApp — +7 776 714 5686

Қызмет сапасын арттыру және жолаушылармен тікелей кері байланыс орнату мақсатында WhatsApp-чаты жұмыс істейді. Жолаушылар өз шағымын, ұсынысын немесе пікірін жолдай алады. Сонымен қатар пойыздарда QR-кодтар орналастырылған, оларды сканерлеу арқылы жолаушылар WhatsApp-чатқа тікелей өтіп, хабарлама қалдыра алады.

Бұл сервис өтініштерге жедел әрекет етуге және жолаушылар пікірін қызметті жетілдіру барысында ескеруге мүмкіндік береді.

6. Darmen — жол жағдайы мен ауа райын бақылау жүйесі

Darmen қосымшасы жол жағдайы мен метеорологиялық ахуалды бақылауға көмектеседі. Сервис сапарды жоспарлау кезінде ауа райы факторлары мен жол жағдайын ескеруге мүмкіндік беріп, сапардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды