25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады

Жаңалықтар
29.05.2026, 16:15

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – да Қазақстанның барлық өңірлерінен теміржол саласының қызметкерлерін біріктірген «Рационализаторлық – техникалық дамудың негізі» рационализаторлар конференциясы болып өтті. Конференция жұмысына «Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» Қоры мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты»  РМК өкілдері қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Техникалық орталық директоры Жандос Мусин атап өткендей, конференция өндірістік міндеттерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және өңірлер арасында тиімді бастамаларды ілгерілетуге арналған алаңға айналды.

Бүгінгі таңда ҚТЖ-дағы рационализаторлық қызмет тұрақты нәтижелер көрсетуде.

Бастамалардың көп бөлігі мыналарға бағытталған:

  • құрылғылардың сенімділігін арттыру 
  • қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • еңбек жағдайларын жақсарту 
  • еңбекті қорғау 
  • технологиялық процестерді жетілдіру 
  • отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ-да 401 рационализаторлық ұсыныс тіркеліп, оның 84-і таратуға ұсынылды. Енгізудің экономикалық әсері 28,9 млн теңгені, авторлық сыйақы сомасы – 23 млн теңгені құрады.

Рационализаторлық қызметтегі ең үлкен белсенділікті автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаменті, жүк тасымалы, жолдар мен құрылыстар департаменті, сондай-ақ электрлендіру және энергетика департаменті көрсетті. Ақмола өңірі бөлек атап өтілді, онда енгізілген ұсыныстардың саны орташа көрсеткіштерден екі есе дерлік артық.

Конференция аясында рационализаторлық қызмет пен техникалық шығармашылықты дамытуға үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау болып өтті. Үздік мамандар инфрақұрылымның сенімділігін арттырғаны, жөндеу және пайдалану технологияларын жетілдіргені, еңбек жағдайлары мен қозғалыс қауіпсіздігін жақсартқаны үшін номинациялар бойынша төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ, «Рационализаторлық қызметті ұйымдастыру бойынша үздік филиал»  атағы Достық вагон депосына және Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясына берілді.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде