Құрық пен Махачкала порттары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Жаңалықтар
09.06.2026, 18:19

«Құрық порты» ЖШС өкілдері XXIX Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумының (РФ) жұмысына қатысып, оның аясында «Құрық порты» ЖШС маркетинг және логистика жөніндегі атқарушы директоры Тұрлан Медина мен Махачкала портының бас директоры Жамал Әлиев Құрық пен Махачкала порттары арасында автопаром тасымалдарын ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қол қойылған келісімнің негізгі мақсаты Қытай – Орталық Азия – Түрікменбашы порты бағытынан Құрық (Қазақстан Республикасы) және Махачкала (Ресей Федерациясы) порттары арқылы өтетін бағытқа жүк ағындарын қайта бағдарлау болып табылады. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру екі портты және көлік нарығына қатысушыларды дамыту үшін жаңа перспективалар ашатын тиімді логистикалық шешімдерді қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, оның ішінде Құрық және Махачкала теңіз порттары арқылы көлік бағдарын дамытуға қызығушылық білдірді. Бұл бағдар  Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалын ұйымдастыру үшін қосымша логистикалық мүмкіндіктер жасайды және халықаралық көлік байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Құрық порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Ақтау портының оңтүстігінде, Бекович Черкасский шығанағында орналасқан, ол тиеу-түсіру жұмыстарын, атап айтқанда вагондарды әкелу және шығару операцияларын жүзеге асыру үшін қолайлы ауа-райын қамтамасыз етеді. Паром кешені астықты, мұнай өнімдерін, тыңайтқыштарды, химиялық заттарды және басқа да жүк түрлерін ауыстырып тиеуге бағытталған.

Өз кезегінде, Махачкала порты (РФ) – Ресейдің Каспийдегі жалғыз мұз баспайтын және ең терең теңіз порты, Ресейдің оңтүстігіндегі көлік жүйесінің Орталық Азия, Күнгей Кавказ, Иран және Каспий маңы аймағының басқа елдерімен байланыстырушы буыны болып табылады. Қазіргі уақытта Махачкала ХТСП-да 12 айлақ, үш құрғақ жүк терминалы және жүктерді ауыстырып тиеу мен тасымалдау үшін көмекші флоттың төрт кемесі бар.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты