Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Жаңалықтар
25.06.2026, 11:46
Оқуға 2 мин

Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің көлік инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға бағытталған тапсырмалары шеңберінде Курорт-Бурабай теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды деп хабарлайды Rail-news.kz.

1988 жылы салынған теміржол вокзалы 1 класты қондырғыларға жатады және жолаушыларға қызмет көрсету мен транзиттік ағынға арналған. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 1601 адамды құрайды, жазғы кезеңде – тәулігіне 2000 жолаушыға дейін. Вокзал Қазақстанның ірі қалаларының (Астана, Алматы, Атырау, Петропавл, Қызылорда, Орал, Қарағанды), сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанды қоса алғанда, ТМД елдерінің бағыттары бойынша жүретін 30 дейін пойыздарға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 3 200,7 м2 құрайды.

Қайта құру барысында қазақстандық өндірістің материалдарын қолдана отырып, ғимараттың қасбеті мен іргетасы жаңартылды. Заманауи энергия үнемдейтін витраждар орнатылды, шатырды жылу және гидрооқшаулағыш құрылғымен толық ауыстыру жүргізілді.

Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи жанбайтын және тозуға төзімді материалдарды пайдалана отырып, ішкі үй-жайларды жаңғырту жүргізілді.

Ел тұрғындары мобильділігі төмен топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көтергіштер (екі сыртқы және бір ішкі), сондай-ақ ғимараттың 1-ші қабатынан 3-ші қабатына дейін қолжетімділікті қамтамасыз ететін лифт жабдығы орнатылды. Тактильді навигация ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін күту бөлмесі жабдықталған.

Инженерлік жүйелер, соның ішінде желдету және өрт дабылы жүйесі жаңартылды. Объектінің сенімділігі мен энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін инженерлік желілер жаңартылды.

Вокзал жолаушыларға арналған вандалға қарсы орындықтармен жабдықталған. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін күту, тамақтану және сауда дүңгіршектері қарастырылған.

Қайта құру қорытындысы бойынша Бурабай курортының теміржол вокзалы заманауи қауіпсіздік талаптарына, санитарлық нормаларға және жолаушыларға қызмет көрсету сапасының стандарттарына сәйкес келтірілді.

Ел өңірлерінде теміржол вокзалдарын қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстары қызмет көрсету сапасын кезең-кезеңімен арттыруға және көлік желісін дамытуға бағытталған жолаушылар инфрақұрылымын жаңартудың жүйелі бағдарламасы шеңберінде жалғасуда.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды